Қазақ телевизиясының тарлан тұлғасы Ғалым Боқаш ұлттық арнаға қайта оралды

/uploads/thumbnail/20171111144356212_small.jpg

Қазақстан Ұлттық телеарнасының басшысы Ерлан Қарин өзінің Facebook парақшасына әр сенбі сағат 20.35-те көрсетілетін "Жер Жиxан" бағдарламасын Ғалым Боқаш жүргізетінін хабарлады. Онда әлемде болып жатқан оқиғаларға жан-жақты сараптама жасалып, көрермен назарына ұсынылады. 

Айта кетейік, Ғалым Боқаш 2001-2005 жылдар аралығында "Қазақстан" Ұлттық телерадиокорпорациясында шығармашылық және басшылық қызметте болды.

Ғалым Боқаш 1976 жылы туған. 1983-1993 жылдар аралығында Семей облысы Қарабұлақ орта мектебінде оқыған.  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  "Шығыстану-үнді филологиясы" бойынша білім алды.  Оксфорд университеті, "Оңтүстік Азия тарихы мен саясаты" бойынша MPhil дәрежесі бар. 

1999-2001 жылдар аралығында ҚазҰУ-да урду және хинди тілдерінің оқытушысы болды. "Қазақ әдебиеті" газеті, "Хабар" агенттігінде жұмыс істеді.  Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімінің орынбасары және Қазақстан республикасының Иран ислам республикасындағы елшілігінің кеңесші-уәкілі қызметін атқарды.

2010 жылғы сәуір айынан бері "Азат Еуропа/Азаттық радиосы" корпорациясының қазақ қызметінде онлайн-продюсер.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар