Қазақ боксшысы Батыр Жүкембаев 16 желтоқсанда Лавал қаласының «Place Bell» аренасында өтетін бокс кешінің андекартында шаршы алаңға шығады. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Сол кештің басты жекпе-жегінде орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс пен IBF нұсқасы бойынша экс-чемпион, канадалық Дэвид Лемье қолғап түйістіреді.
Бұл кездесуде Жүкембаевқа қарсы 22-жастағы америкалық боксшы Уилберт Лопес шығады. Уилберт кәсіпқой бокста 28 кездесу өткізіп, оның 20 жекпе-жегінде жеңіске жеткен және 8 рет жеңіліс тапқан.
Естеріңізге сала кетейік, Батыр Жүкембаев (10-0, 9КО) осы жылдың сәуір айында мексикалық Косме Ривераны техникалық нокаутпен жеңіп, «IBO international» белбеуіне ие болған еді.
Пікір қалдыру