Алматыда 2017 жылға әскери қызметке қабылдау жұмыстары аяқталды

/uploads/thumbnail/20171115201724432_small.jpg

Алматыда 2017 жылға келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау жұмыстары аяқталды. Алматы қаласы бойынша келісімшарт қызметіне 300-ден аса үміткерлер жіберілді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде келісімшарт бойынша қызметке орналасу үшін жасы 19 бен 30 аралығы болуы керек. Комиссияның оң шешімін алған барлық үміткерлердің әскери-евеп мамандығы, әскери лауазымы бар.

Қорғаныс

Сондай-ақ мерзімді әскери қызметін өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің арнайы мамандандырылған дайындық курсын, әскери кафедрасын тәмамдаған үміткерлер келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасады. Келісімшарт қызметіндегі әскери қызметші әскери лауазымға ие болумен еңбек сіңірген жылдарына сәйкес кәсіби лауазымының өусіне мүмкіндік алады. Келісімшарт бойынша әскери қызмет мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет толық көлемде әлеуметтік қорғауда болады. Мысалы әскери қызметші және олардың отбасы мүшелеріне арналған ақшалай үлеспен, заттай және мүліктің басқа да түрлерімен қамтамасыз етіледі.

Тұрғын үйге мұқтаждар әскери қызметті өткеру кезінде мемлекет есебінен тұрғынүйді жалға алу үшін мақсатты өтемақы төлеу көзделген. Әскери қызметшілердің және олардың мүшелерін әскери-медициналық мекемелерде медициналық қамтамасыз ету мемлекет есебінен жүзеге асырылады. Сонымен бірге, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге 2 лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақы төлеумен жыл сацынғы еңбек демалысы ұсынылатынын айта кеткен жөн. Армияның айбынды болуы әскери қызметшілердің мәртебесі мен жағдайының жақсы болуымен өлшенеді.

«Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы ҚР Заңына сәйкес, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарда ҚР азаматтығы болуы, курсанттар мен өзге де санаттағы әскери қызметшілерді есептемегенде, 19 жастан кіші болмауы, әскери-есепке алу мамандығының болуы, әйелдерді қоспағанда, мерзімді әскери қызметті өткеруі не ЖОО-ның әскери кафедрасында оқудан өтуі немесе әскери-оқытылған резервті даярлау бойынша Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери дайындықтан өтуі тиіс.

Жергілікті әскери басқару органдары жанындағы әскери қызметке қабылдау пункттеріне қазақстандық армияның қатарын толықтыруға ниет білдіргендердің саны толастар емес. Олардың дені ҚР ҚК ҚӘ Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімдерінде қызмет етуге ниет білдіреді.

Келісімшарт негізінде қызмет ету - әскери қызметшілердің тұрақты лайықты жалақы алуы, сондай-ақ бірқатар артықшылықтарға ие болуы. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар