Раккада тірі қалған жүздеген ДАИШ содыры бала-шағасын алып, құпия келісімге сәйкес «Сирияның демократиялық күштері» жалдаған 47 жүк көлігі мен 13 автобусқа мініп, қаладан сытылып шығып кеткен. Бұл BBC-дің эксклюзиві жөнінде Qamshy.kz апарат агентігі жазады.
Би-Би-Си тілшісі Сирия қаласынан жүздеген ДАИШ жауынгерлерінің қашып кетуіне мүмкіндік беретін құпия мәміле туралы мәліметтерді ашты.
ДАИШ-тың астанасы саналып кеткен Раккада жүргізілген соғыс бұдан бір ай бұрын тоқтаған еді. Бұл текетірестің қалай аяқталғандығы жөніндегі мәліметтер тек қазір ғана ашылып жатыр. Мұнда қалған ДАИШ жауынгерлері отбасын алып қашып шығуы таң қаларлық жайт. Раккада қалған күзет қалалық ауруханада ДАИШ содырларын бір ай бойы қамауда ұстаған.
ДАИШ отбасылары қамауда ұсталғанмен, олардың сағы сынған жоқ. Бұл жерде олар басқа күні күресу үшін өмір сүру керек екендігін ұқты. ДАИШ әскерін шығару мәмілесі туралы келісімді ешкім де айтқысы келмейді. Өйткені ол Ракканың лас құпиясы.
Күрдтер, арабтар және батыс коалициясы ДАИШ әскерінің Раккадан қашып шығуына рұқсат беріп қана қоймай, қала шекарасынан алыс жерлерде шабуыл жасауға мүмкіндік берді.
Коалация арасында жасалған мәміле бұқаралық ақпарат құралдарын тұншықтырумен басталды. ДАИШ-тың қашып шығуы телевизияға арналмаған жаңалық еді.
Алайда әуесқой бейнежазбалар арқасында, жұрттан жасырылған шындықтың беті ашылды. Себебі бұл өте ірі жасырын мәмілені құпия ұстау мүмкін емес еді.
БАҚ құралдарына тек бірнеше ондаған жергілікті жауынгерлер ғана жіберілгендігі айтылған.
Тілші: Шетелдіктер жоқ болса, қару да болмас еді. Бірақ жүк машиналары қару асынған, белдеріне өз-өзіне қол жұмсайтын бомба тағып алған жауынгерлерге толы болды. Біраз іздестірулерден кейін, Табка деген жерден жүк көлігін, автокөлік жүргізушілерін, бейбіт тұрғындарды және ДАИШ-ты еркіндікке жеткізген адамдарды таптық.
Оларды күрдттер және Сирияның демократиялық күштері сайлаған. Раккадан шыққан олар өміріндегі ең ұзақ сапарға шықты, күндіз-түні тоқтамастан, үш күндей жолда болған.
Мәміле бұзылған жағдайда, ДАИШ бомасы тиелген жүк көліктері жарылатын еді. Олар тек бірнеше жүздеген бейбіт тұрғынды көшіретіндіктерін айтып сытылып шығушы еді.
Көлік жүргізушісі: Біз 47 жүк көлігі және 13 автобус болатынбыз, ал ДАИШ әскері өз көліктерімен жолға шыққан. Біз жүріп өткен жол шамамен 6-7 шақырымды құрады. Біздермен бірге әйелдер мен балалар болды. Барлығын қосқанда 4000-ға жуық адам болды.
Тілші: Жүк көліктеріндегі шетелдіктер туралы айтып беріңізші. Олар қайдан келді?
Көлік жүргізушісі: Бізбен бірге көптеген шетелдіктер болды, олар: Франция, Түркия, Әзірбайжан, Пәкістан, Йемен, Сауд Арабиясы, Қытай, Тунис және Египеттен келген.
Тілші: Бұл ДАИШ-тың жеңіс үшін қашып шығуына ұқсап тұрған жоқ. Сондықтан Сирия демократиялық күштері ешқандай жалаулар мен баннерлерге тыйым салған. Керісінше, ДАИШ жауынгерлері жүк көліктерінің үстінде тек қару-жарақтарын асынып тұрды. Олар Шанина кентіне жеткенде, Әли Әл-Асад дүкеніне тоқтаған.
Әли Әл-Асад: Бұл жерде көліктер үш сағаттан астам уақыт тұрды, адам саны шамамен 4 мыңнан астам болды.
Тілші: Коалициялық ұшақ олардың үстінен ұшып өтті, бірақ ештеңе істеген жоқ. Жолаушылар жүрді. Біз де өз көлігімізбен артынан аңдыдық, ДАИШ көліктері тасадан тыс болып кетті.
Махмұд атты тұрғын: Бұл психологиялық қорқыныштан құтылу үшін біраз уақыт керек. Маған олар әлі де қайтып келетін сияқты көрінеді.
Пікір қалдыру