Елбасы Қырғызстанның жаңа президентіне жеделхат жолдады

/uploads/thumbnail/20171030174930662_small.jpg

Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының жаңадан сайланған президенті Сооронбай Жээнбековті туған күнімен құттықтады, — деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Sputnik Қырғызстан сайтына сілтеме жасай отырып.    

16 қарашада Қырғызстанның жаңа президенті Сооронбай Жээнбеков 59 жасқа толды.   

«Туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Біз бауырластық пен ынтымақтастыққа негізделген дәстүрлі қарым-қатынасымызды дамыту үшін бірлескен жұмысты жалғастыра беретінімізге сенімдімін. Сіздің игі істеріңіз жемісті болсын, күш-қуатыңыз сарқылмасын. Осы сәтті пайдаланып, сізге зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін», — деп жазылған құттықтау жеделхатында.  

Еске сала кететін болсақ, Сооронбай Жээнбеков 15 қазанда президент болып сайланды. Ұлықтау рәсімі 24 қарашада өтеді. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар