Димаш Құдайберген Голливудта «The best original song of video game» (Үздік саундтрек) номинациясы бойынша жеңіске жетті, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарата агенттігі. Бұл туралы Димаш өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
«Құрметті, менің тыңдармандарым!!!!! Қуанышты хабарыммен сіздерді қуантуға асықпын. Бүгін Америкада Голливудта "HOLLYWOOD MUSIC IN MEDIA AWARDS" марапаттау кешiнде "Moonlight over the Sea" атты əнім "The best original song of video game"(Үздік саундтрек) номинациясы бойынша жеңіске жетті. Композитор: Thomas Parisch мырзаны, осы жобаға атсалысқан Америкалық əріптестерімді, өз командамды шын жүректен құттықтаймын!! Тілеулес ағайынға барша жерлестеріме, осы уақытқа дейін менімен бірге болған тыңдармандарыма үлкен алғыс білдіремін", — деп жазды Димаш Құдайберген.
Пікір қалдыру