Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады, тек оңтүстікте, солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі деп жазады Қазгидромет. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Алматы облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, Жаланашкөл ауданында екпіні 23-28 м/с, түнде тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, түнде Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күші 15-20, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында екпіні 23 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Пікір қалдыру