Қытай астанасында болған өрттің кесірінен 19 адам мерт болды

/uploads/thumbnail/20171119110820591_small.jpg

Бейжіңнің оңтүстігінде болған өрттің салдарынан 19 адам мерт болып, 8 адам зардап шекті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. 

Бейжіңнің Дасин ауданында болған өртті арнайы мамандар 3 сағат бойы өшірген. Ресми деректерге сүйенсек, өрт болған жерге Бейжің қаласының мэрі Цай Ци келген. Өртің шығу себептері әзірге анықталмаған. Қазіргі кезде тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар