Астронавт ғарыштан метеориттің Жерге құлаған сәтін түсіріп алған (видео)

/uploads/thumbnail/20171119125713653_small.jpg

Қазіргі уақытта Халықарылық ғарыш станциясында жүрген итальяндық Паоло Несполи есімді астронавт метеориттің атмосфераға кірген сәтін видеоға түсіріп алған. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды. Атлант мұхиты аумағында атмосфера қабатын жарып кірген метеоритті түсірген австронавт: «Ғарыш станциясында метеориттерді көптеп кездестіруге болады. Алайда оларды әлі видеоға түсіріп көрмеген едім. Осы жолы сәті түсіп секундына 40 шақырым жылдамдықпен ұшқан отты шарды бейнеледім»-дейді.

Еуропалық ғарыш агенттігі бұл қарапайым метеоритке қарағанда екі есе жылдам аспан денесі болғанын айтты.

Осыған дейін Мурманскіде түнгі аспанда жарқыл пайда болған, сонымен бірге Финляндия аспанында осы сияқты құбылыс орын алған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар