Оңтүстік африкалық боксшы Золани Тете титулдық жекпе-жек кезінде әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Айқас небәрі 11 секундқа созылған.
Тетенің өзінің отандасы Сибонисо Гоньюмен жекпе жекке шыққан. Аталған боксшылар WBO тұжырымы бойынша 53,52 келі салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы атағы үшін таласты. Бұған дейінгі рекорд америкалық Джеральд Маклелланға тиесілі болды. Ол 1993 жылы титулдық айқас кезінде қарсыласын 20 секунд ішінде нокаутқа түсірген болатын.
Пікір қалдыру