Алматы облысының полиция өкілдері жергілікті тұрғынды қылмысқа қатысты күдікті ретінде қамауға алды деп хабарлайды Zakon.kz .
18 қарашада Іле ауданының АІІБ-ға Өтеген батыр ауылының көшелерінің бірінде белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түскен. Мәйіт денесінде зорлық белгілері болған. Оқиға орнына келіп жеткен полиция марқұмның 24 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтаған.
Іле ауданының полиция өкілдері қылмысқа қатысы бар күдіктіні ұстаған.
«Күдікті қаза тапқан ер адаммен бұрыннан таныс болғаны анықталған. Ішімдік ішкен екеуі сөз таластырып, араларында жанжал орнаған. Нәтижесінде жанжал төбелеске ұласып, кісі өлімі орын алған»-деп жазады Алматы облысының ІІБ баспасөз-хатшылығы.
Тергеу кезінде қылмыскердің соққыны тұрмыстық пышақпен жасағандығы анықталған. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты зерттеу жүргізілуде.
Пікір қалдыру