Forbes жылдың ең табысты әншісін атады

/uploads/thumbnail/20171121092949407_small.jpg

Америкалық әнші Бейонсе Ноулз ең табысты әйелдердің көшін бастады. 2017 жылы әнші 105 миллион доллар тапқан.

Бұл қаржыға Бейонсенің соңғы шыққан Lemonade альбомын сатқаннан кейінгі, сондай-ақ Formation концерттік турынан жиналған табыс кірді. Сонымен қоса 36 жастағы әншінің жеке киімдер коллекциясы да бар.

Жазда Бейонсе мен америкалық рэпер Джей Зи егіздердің ата-анасы атанған.

Бейонсе

Үстіміздегі жылдың мамырында Forbes Джей Зидің қаржылық жағдайын 810 миллион долларға бағалап, ең бай рэперлардың тізімінде екінші орынға жайғастырды.

Forbes көрсеткіші бойынша, 2017 жылы 69 миллион доллар тапқан Адель екінші орыннан көрінді. Үшінші орында Тейлор Свифт тұр.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар