Үндістанның солтүстігіндегі Хараяна штатындағы "Бхаратия Джаната" партиясының басшысы Сарадж Пал Аму "Падмавати" фильмінің режиссері мен фильмде басты ролді сомдаған актрисаның басын шапқанға 100 миллион рупий ($1,5 миллион) беретінін айтты деп хабарлайды apnews.com. Саясаткердің ойынша, аталмыш кино индуизмді қорлайды.

Фильм орта ғасырда жазылған "Падмават" поэмасының негізінде түсірілді. Басты ролді - Дипика Падуконе сомдайды. Фильм режиссері - Санджей Лила Бхансали.

"Падмавати" фильмі 1-ші желтоқсанда экранға шығуы керек еді, алайда ол кейінге шегерілді. Фильмнің қашан көрсетілетіні белгісіз.