Із-түссіз жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қыз жезөкшелер үйінде табылды

/uploads/thumbnail/20171124155255048_small.jpg

 17 жастағы қыздың жезөкшелікпен айналысқаны анықталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы ІІД қызметкерлері арнайы тексеру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде, Ж. есімді 1995 жылғы қыз бен А. есімді кәмелетке толмаған азаматшаның жезөкшелікпен айналысқанын анықталған. Жас қыздар ақша табу үшін таныстарының ұсынысына келісе кеткен.

«Қыркүйекте қыз үйінен кетіп қалып, жезөкшелікпен айналысқан. Қыздың жақындары оған іздеу салды. Қыз үйіне қайтарылды. Осы іске қатысы бар күдіктілерге ҚР Қылмыс кодексінің 134-ші бабы бойынша іс қозғалды. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр» деді Алматы қалалық ІІД өкілі Берік Әбілбеков.

Қатысты Мақалалар