Сиви Махмұдидің «Еңбек даңқы» орденін не себепті алғаны белгілі болды

/uploads/thumbnail/20171124155722595_small.jpg

22 қарашада қазақстандық әнші Сиви Махмұди «Еңбек Даңқы» орденін алғанын өзінің Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді. Алайда желі қолданушылары әншінің қандай еңбегі үшін марапатталғанын білмей дал болды, наразылық білдірді. Осыған орай Сиви Махмұдидің не себепті «Еңбек Даңқы» орденін алғанын әншінің PR-менеджері Гүлдана Иманбай Today.kz тілшісіне түсіндірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Бұл марапатты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі берген жоқ, соны түсінсеңіздер деймін. Жап-жас болып «Еңбек Даңқы» марапатын алды деп халық дүр сілкінді. Айта кетейін, марапатты Сивиге мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы табыстады. Біз өзіміз де күтпедік, білмедік. Марапат Сиви Махмұдидің 10 жылдық еңбегі үшін берілді. Бұл марапат жыл сайын жастарға беріліп отырады», - деді Гүлдана Иманбай.

Сондай-ақ 2017 жылы әншінің немен айналысқанын айтып берді.

«Босанған соң Сиви музыкант Айдар Рысбекпен жұмыс істеді, оны шетелге байқауға жіберді. «Саламат» тобын құрды, жылдық концерт өткізді», - деді PR-менеджер.

Айта кетейік, «Электрондық үкімет» порталының ақпаратына сәйкес, «Еңбек Даңқы» I, II, III дәрежелі марапаты металлургия өнеркәсібінде ұзақ уақыт еңбек еткен азаматтарға беріледі.

Қатысты Мақалалар