Алматы облысында аты да, әкімі де жоқ ауыл бар

/uploads/thumbnail/20171128144214610_small.jpg

   Бұл ауылда мыңнан аса адам тұрады екен. Мұнда әкім де, мектеп  те жоқ. Тіпті ауылдың нақты аты да белгісіз. Бұл туралы informburo.kz жазады.

Ауылда ешқандай әкімшілік болмағандықтан, тұрғындар ауруханаларға да қарала алмайды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, олар осындай жағдайда тұрып жатқандарына 17 жыл болған. Олар әртүрлі инстанцияларға арыз да жазған. Балаларын көрші ауылдарға сабаққа апарады екен.

  Тұрғындардың айтуынша, ауылдың атын біреулер Жаңалық деп атаса, енді біреулер үшін ол- Жаңа Арна, ауылдың тағы бір атаулары - Тоғызыншы бөлім және Мичуринск.

«Бұрындары бұл ауылда ауылшаруашылық өнімдерін өсіріп өңдеген екен. Кейін совхоз жойылды, ал біз сол күйі ешкімге керек емес қалпымызда қалдық»-дейді тұрғынның бірі.

Қазіргі уақытта ауыл тұрғындары суды құдықтан алып ішеді. Осыған қарамастан, ауыл қалаға жақын болғандықтан мұнда  жаңа үй құрылстарын көптеп кездестіруге болады.

Шенеуніктермен ұмыт қалған бұл ауыл Іле ауданы мен Талғар ауданы шекарасында орналасқан. Алайда Талғар ауданының ауруханасында да, Іле ауданының ауруханасында да тұрғындарға көмек көрсетілмейді. Себебі аудандар бұл ауылды өзінің қарамағында деп есептемейді. Ауыл тұрғындары «өзіміздің әкім мен әкімшілігіміз болса ғой» деп армандайды.

Тұрғындар  ауылды «елес ауыл» деп атайды. Аты жоқ ауылға мемлекеттен қаражат та бөлінбейді екен. Ауыл тұрғындары үшін зейнетақы мен жердәмақыны рәсімдеу де қиынға соғады.

 Алматы облысының әкімдігі бұл ауыл 2014 жылы Алматы облысының аудандары қатарына қосылмай қалғанын  жеткізген.

 Облыс әкімдігі Алматы облысында мұндай «иесіз» ауылдардың көп екендігін айтады. «Елеске» айналған ауыл Талғар ауданына кіруі мүмкін деген болжам айтылды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар