Қырғызстанда жоғарғы сынып қыздарын гинеколог тексеріп жатыр. Бұл шара жыныстық қатынасты ерте бастаған қыздарды анықтау үшін жасалып отыр екен. Бұл жайында Vesti.kg жазады.
Аталған бастаманы ата-аналар да қолдап отыр. Тек оларды балаларын әйел мамандар тексеру керек деген мәселе ғана алаңдатып отыр.
Мектеп оқушылары, жас қыздар жастайынан пәктігінен айырылып немесе жүкті болып қалып, масқара болғандығынан суицид жасауының алдын алу үшін гинекологқа жіберілуде.
Айта кетсек, біраз уақыт бұрын Өзбекстанда жоғары сынып қыздары мен колледж студенттерін жаппай гинекологқа жіберіп жатқаны хабарланған болатын.
Пікір қалдыру