Осы жылы Медеу ауданында бөлшек сауда айналымы 288,6 млрд. теңгені құрады

/uploads/thumbnail/20170814140118249_small.jpg

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Медеу ауданының әкімі Ержан  Жұматұлы хабарлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аудан басшысының сөзіне сүйенсек Жұмыстың нәтижесі кіші бизнес субъектілеріне мемлекеттік гранттар  мақұлданған. Олар «Инвентив» ЖШС, робототехника мектебінің жобасы, сондай-ақ «Триумф ЛТД» ЖШС-нің жалпы сомасы 6 млн. теңге болды.

Бос тұрған жайларды тарту бойынша бағдарлама шеңберінде «Сымбат» Академиясы мен «Батырбекова Ш.Б.» ЖК арасында келісімшарт жасалды.

Ресурстық емес және білімге негізделген экономика – ең
ұтымды бағыт. Бұл бағытта еліміздің инновациялық дамуының және инновациялық әзірлемелерді енгізу үшін өңірлік хабқа айналуға арналған «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы бар.      2 жыл ішінде «Алатау» АЭА аумағында орналасқан компаниялардың саны төрт есе өсті және олардың саны 134 болды.

Пайдалану кезеңінде инвестиция көлемі 24 млрд. теңгеден асты, 132 млрд. теңгеге өнім өндірілді. Жыл басынан бері  АЭА қатысушыларымен 565 жұмыс орны құрылды. Жұмыс орындарының жалпы саны 3 851 құрайды.

«DSMultimedia» ЖШС, ҚБТУ Бұрғылау Орталығы және Қазақстан теңіз академиясы пайдалануға берілді.

Өндірілген өнім - 25,2 млрд. теңге. Салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің жалпы сомасы 2,13 млрд. тг. құрады.

Сауда саласында айтарлықтай көрсеткіштер сақталады. 2017 жылғы 10 айда бөлшек сауда айналымы 288,6 млрд. теңгені құрады. Қала көлемінде көтерме сауданың үлесі 18% немесе 1,4 трлн. тг, былтырғы жылмен салыстырғанда үштен бір өсім. Дағдарысқа қарамастан, ауданымыздың тұрғындары сатып алудың санын азайтқан жоқ. Бұл, өз кезегінде, жаңа сауда үйлері мен супермаркеттердің ашылуымен («Toi Mart» супермаркеті) байланысты.

2017 жылдың қыркүйегінде аудан деңгейінде екінші рет «Жылжымайтын мүлікті дамыту» инвестициялық форумы өткізілді. Форум барысында дамыту жобалары, кепілге салынған жер учаскелері түріндегі активтер, кеңселік кеңістіктердің инновациялық шешімдері талқыланды – деп хабарлады аудан басшысы брифинг барысында.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар