Солтүстік Корея АҚШ-ты соққылайтын баллистикалық зымыран жасады

/uploads/thumbnail/20171129122905274_small.jpg

Солтүстік Корея континентаралық баллистикалық зымыранды жасау бағдарламасының аяқталғанын жариялады. Зымыран АҚШ континентіндегі кез келген жерге бағытталып, соққы жасауға қабілетті, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі CNN-ге сүйене отырып жазды.

Ғарышта жұмыс істейтін тәуелсіз сарапшылар «егер зымыран Жапония теңізіне таңертең ерте сағаттарда қонып, қарапайым траекторияда іске қосылған болса, оның  Вашингтонға соққы жасауға қабілетті болатынын» айтты.

Мемлекеттік телеарнаның арнайы бюллетеньінде: «Хвасонг-15 типті қару-жарақ жүйесі - ICBM құрлықаралық баллистикалық зымыраны АҚШ-тың барлық материгіне соққы жасауға қабілетті», - деген хабар таратылды.

баллистикалық зымыран

Мұндай мәлімдемені естіген Дональд Трамп: «Кезекті зымыранның шығарылуы біздің аталмыш мәселеге деген көзқарасымызды өзгертпейді, біз бұл жағдайдың шешімін табамыз», -деді.

Сенатор Франц Клинцевичтің айтуынша, егер әлем бірігіп әрекет етсе, Пхеньянды орнына қоюға болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар