Секс құлдықта болған әйел: Қожайын 6 күзетшіге мені зорлауға бұйырды

/uploads/thumbnail/20171129124228646_small.jpg

Ирактағы Күрдістан тұрғыны Надя Мурад ауылының күл-талқанын шығарған ДАИШ содырларының қолына түскен. Содырлар Надяны ұзақ уақыт зорлап, азаптаған. ДАИШ-тықтардан қашқаннан кейін Надя БҰҰ-ның елшісі атанды. Надя Мурад Нобель сыйлығына ұсынылып, Time журналының рейтингісіне кірді. Надя өз оқиғасын қағаз бетіне түсіріп, кітап етіп шығарды.

Надя Мурад 11 баланың ең кішісі. Ол өз сұлулық салонын ашуды армандады. Надя қолына камера алып Ирактың солтүстік-шығысындағы кішкентай ауылда қалыңдықтарды фотоға түсіріп, шаш үлгісі мен макияждық ең әдемісін таңдауды ұнататын.

Өкінішке қарай, оның арманы орындалмады. 2014 жылдың тамыз айында ауылды ДАИШ содырлары басып алды. Надя тұтқында болды. Оны бірнеше мәрте сатып, зорлап, азаптаған. 24 жастағы Надя қанпезердерден қашып кете алды.

Надя Мурад

 «The Last Girl: My Story of Captivity and My Fight Against the Islamic State» кітабында Надя Сириямен шекаралас Кочо ауылындағы бақытты өмірі қалай Жердегі тозаққа айналғанын баяндайды.

ДАИШ-тықтар екі апта күрестен кейін ауылды қоршауға алып, тұрғындарды мектеп ауласына жинап, езидизмнен бас тартып мұсылман болуға шақырды.

Айта кетейік, езидизмде христиандық, мұсылмандық және иудаизм элементтері бар. Езидизиттер бір құдайға және 7 періштеге сенеді. Періштелердің ең бастысы – Малак Тавус деп есептейді. Бұл дінді алғаш таратқандардың бірі Шарфадин деп есептеледі.

Тұрғындардың ешқайсысы өз діндерінен бас тартпады. Сол кезде содырлар ер адамдарға өздеріне қабір қазуды бұйырды. ДАИШ содырлары ер адамдардың барлығын өлтірді. Ал жас әйелдерді өздерімен алып кетті. Олардың арасында 21 жастағы Надя да бар. Содырлар оның енді ДАИШ мүлігі екенін және жыныстық құлдықта болатынын айтқан. Ал командирлердің бірі оның іші мен иығын темекі шоғымен күйдірген.

Акция

Надя өзімен тағдырлас қыздарды көрді. Олардың барлығы дерлік өзіне қол жұмсауға дайын болғанын айтады. Қыздарды ерекше көзге түскен содырларға беріп отырған.

Надя бұған дейін ешқашан ДАИШ туралы естімеген және оның тағдыры террористік топ ауылды басып алғанға дейін шешіліп қойғанын да білмеді.

«Олар барлығын жоспарлап қойған. Қашан шабуылдайды, қанша қызды құлдыққа алып кетеді. Қанша солдатқа қыздар беріледі және құлдықтағы қыздардың сырт келбетіне байланысты қанша ақшаға сататынын да белгілеп қойған» дейді Надя.

Содырлар

ДАИШ содырлары жыныстық құлдықтағы әйелдерді біреуге сыйлай алған немесе «қожайыны»  қаласа сатып жіберіп отырған. Тіпті кәмелетке толмаған қыздарды жыныстық құлдықта ұстаған.

Надя басқа қыздар секілді өзіне қол жұмсауды емес, тұтқынға түскен әпкелерімен қашуды жоспарлады.

Ірі денелі кісі бөлмеге кіріп, Надяны құлдыққа таңдаған. – Ол құбыжыққа ұқсайтын, - деп еске алады Надя. Кейінірек ол кішірек содырды өзін құлдыққа алуға көндірген.

Надяға оның құл екенін куәландыратын құжат жасатылды. Одан кейін ол өзін сатып алған Хаджи Салман есімді ер адамның үйіне көшіп барды. Ол ДАИШ-та судья қызметін атқаратын.

«Сен менің төртінші құлымсың. Саған дейінгі үшеуі исламды қабылдады. Біз мұның барлығын езидтер үшін жасадық. Біз сендерге шынайы сенімді табуға көмектесеміз» деді ол.

Бір күні Надя қашпақ болған. Терезеден жіппен түскенде оны күзетшілердің бірі көріп қойған. Ол қожайынына хабарласып, мән-жайды айтып бергенде, Хаджи Салман үйге келіп 6 күзетшіге кезектесіп Надяны зорлауға бұйрық берген.

Оны бір апта бойы ұрып-соғып, зорлаған. Одан кейін Хаджи Салман оны басқа содырға сатты. Ол Надяны Сирияға алып кетпек болды. Бірақ, көшу уақыты кейінге шегерілгендіктен Надяны біраз уақыт ешкім мазаламады. Бір күні естіктің бірі ашық қалды. Надя сол сәтті пайдаланып қашып кетті.

Надя паранджа киді. Сондықтан ешкім одан күдіктенбеді. Бірақ, Надя жол бойы қатты қорыққанын айтады. Надя күні, түні жүріп ең кедей Мосул ауданына жетті. Өз үйіне ұқсайтын үйлердің бірінің есігін қағып, көмектесуді өтінді. Сол уақытта біреу есікті ашып, оны дереу үйге кіргізген.

Надяның жолы болды. Ол ДАИШ саясатына қарсы адамдар тұратын үй болып шықты. Олар Надя бүкіл әлемге ДАИШ содырларының әйелдерге жасап жатқан жауыз әрекеттерін айту үшін оның қашу операциясының жоспарын құрды. Надяға жалған құжат жасатылды. Надяны құтқарушылардың бірі Нассер шекараға дейін оны өз көлігімен жеткізді. Жолда тоқтатқандарға Надяның әйелі екенін айтқан.

Надя Мурад

Оның жолы болып, жоспар іске асты. Надя босқындарға арналған лагерге жеткенде ағайындармен кездесті. Алайда мұнда оны жаман хабар күтіп тұрған еді. Оның анасын атып тастаған екен. Ал 5 ағасын азаптап өлтірген. Жиені ДАИШ қатарына қосылған, екі әпкесі әлі құлдықта екен.

Надя тірі қалған ағаларына жыныстық құлдық туралы айтпады. Себебі содырлар ұстап әкеткен әйелдерінің тағдыры туралы ойлап, қайғырғанын қаламады. Бірақ көп ұзамай лагерде жұмыс істейтін репортерлер өз оқиғасы туралы айтып беруге көндірді. Бір жыл өткеннен кейін ол БҰҰ-да ДАИШ содырларының әйел құқығын қалай таптайтынын айтып баяндама жасады.

Қазір езидтердің 3 мыңнан астам әйелі мен балалары содырлардың қолында. Надяның әпкелері құлдықтан босатылды.

2016 жылы БҰҰ-ның есірткі мен қылмысқа қарсы басқармасы адам саудасы туралы ақпарат таратқаны үшін Надяны елші етіп сайлады. Сонымен қатар, Надя Нобель сыйлығын алды және "Тайм" журналының нұсқасы бойынша 2016 жылдың ең ықпалды адамдарының қатарына кірді.

Надя Мурад

«Мен жазған кітап халықтың ДАИШ-тың қанға боялған қолынан құтылуына ықпал етеді деп сенемін. Құдай маған олардан қашуға мүмкіндікті босқа бермеді ғой. Әр минутымды мен осы жауыздыққа қарсы күреске арнаймын» деп сөзін түйіндеді Надя.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар