БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Комитеті аты шулы Челах ісіне араласты

/uploads/thumbnail/20171129181834400_small.jpg

Әлеуметтік желілерде Владислав Челахтың қорғаушысы жасаған мәлімдеме кезіп жүр. Бұл ақпарат бойынша, Челахқа қатысты БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Комитеті қатардағы жауынгер ісі әділетті шешімін таппағаны және құқығы тапталғандығы жөніндегі шағымға шешім шығарған. Caravan.kz порталының тілшісі аталмыш ақпараттың растығына көз жеткізу мақсатымен Челахтың қорғаушысы Серік Сәрсеновке хабарласқан, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.


Челахтың қорғаушысы

Желіде таралған ақпараттарға сенуге болады ма?

- Жоқ, дегенмен, 7 қарашада менің шағымым қаралып, негізді деп танылғаны белгілі болды. Ол менің ҚР заңнамасындағы 14 баптың бұзылып, Қазақстан мен Халықаралық азаматтық және саяси құқықтарының аяқ асты болып, Владислав Челах ісінің әділетті сот шешімін таппағандығы туралы БҰҰ-ң адам құқықтары жөніндегі Комитетке шағым жасауым негізінде еді.

Негізгі шешім орыс тіліне аударылып, тез арада бізге жеткізілетін болады.

Яғни, аталмыш шешім әзірше ешнәрсеге әсер етпейді ғой?

- Ия. Қазақстан БҰҰ жасаған шешімді алдымен қабылдап алуы керек, одан кейін, егерде біз дамыған, көзі ашық мемлекет болсақ, керекті шаралар жасалуы қажет.

Бірақ қазіргі жағдайда қандай да бір мәлімдемелер жасауға әлі ерте, бірақ менің шағымым қарастырылғаны анық. Өйткені Комитет менің болжамдарымды, сенімді әрі талассыз деп тапқан болу керек. Түсініктірек болу үшін, БҰҰ менің шағымымды қабылдағанда Қазақстанға бұл жөнінде хабардар болған болатын.

-Сіз берген шағымның мазмұны мен ондағы пікіріңіз туралы қысқаша айта кетсеңіз:

- Онда мен Владислав Челах ісін қарастырғанда Қазақстанның барлық деңгейдегі сотында кеткен қателіктерді санап көрсеткен болатынмын. Мен «олар қателік жіберді» заңға сүйене отырып сенімді түрде айта аламын. БҰҰ Комитеті адам құқықтары мәселесіне келгенде бізден басқаша жұмыс істейтін болып тұр. Өйткені олар басшылардың айтқанымен жүрмейді. Ол жақта құқық негізінде ғана істер атқарылады. Ал заң тарапынан мен 200%-ға дұрыс айтып тұрғаныма кепілдік бере аламын.

Челах

Еске сала кетейік, 2012 жылдың 28-ші мамырында Қазақстанның «Арқанкерген» шекаралық бекетінде 15 адамның өмірін қиған қанды оқиға болды. Өте жұмбақ жағдайда 14 шекара қызметкері мен аңшы жан тапсырған болатын.

Владислав Челахқа ҚР Қылмыстық кодексінің 8-ші бабына сәйкес, «Екі не одан да көп адамды өлтіргені үшін», «Жеке заттарды ұрлағаны үшін», «Құпия құжаттарды ұрлағаны үшін», «Қару-жарақты ұрлағаны үшін», «Қаруды заңсыз ұстағаны үшін», «Әскер мүлкіне зиян келтіргені үшін», «Қоқан-лоққы жасағаны үшін» және «Өзгенің тұрағына заңсыз баса-көктеп кіргені үшін» айыптар тағылған болатын.

2012 жылдың 11 желтоқсанында сот Владислав Челахты жоғарыда тізбектелген қылмыстар үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар