Ұлы Қытай көші басталды...

/uploads/thumbnail/20171006115451816_small.jpg

Соңғы жылы емес айларда Қытайдың елімізге таралуы еселеп қарқын алуда. Көп уақыттан бері қытайдың Қазақ жеріне жайылу саясаты Ақтөбе мұнайынан басталды. Экономикамызды майлы тетігін қолына алған олар бүгінде қазақстандық саяси билікке де өз ықпалдарын жүргізе бастағаны сезілуде. Экономикалық интеграциялық процестер деген желеумен Қытайдың мұнай және 51 заводын көшіруші өндіріс алпауыттары біздің жерімізде түпкілікті орнығуға ұмтылуда. Дипломатиялық қатынасқа қолы жеткен қытайлықтар бүгінде экономикалық, мәдени және әлеуметтік байланыстың түрлі салаларын көбейту жолымен елімізге сыналап кіріп, саны жағынан да көбейіп келеді. Ақыры «ұлы Қытай көші» ақиқатқа айналды.

«Ауруын жасырған өледі» - Қазақстанның түрлі аймағындағы экстремистік көңіл күйдегі ағымдардың жандануының және сырттан болуы мүмкін экстремистік түрлі діни ағымдардың ықпалының Қазақстанға да қауіпті екенін айта жүріп, Қытай тарапынан «бейбіт экспансияның» төніп келе жатқаны туралы жақ ашпаймыз. Қытайлықтар бүгінде еліміздің барлық облыстарында мұнайдан басқа мәдени байланыстың басқа да салаларын жедел игеруге көшті. Қалаларымызда қытайлық мейрамханалар, кафе-асханалар, дүңіршектер, делдар түрлі фирмалар, медицина орталықтары, сауда-ойын сауық кешендері ашылып, тіптен бүтін бір қытайлық тұрғын үй аудандары қалыптасты. Қытай тілін оқуға шақырған жеке мектептер саны көбейді. Бұл бастапқыда «мұнай саласын көтереміз» деп келген қытайлықтардың елімізге жайылуының және бір жолы.

Сөйтіп, қытайлықтардың іскер топтарына мұнайдан басқа мәдени байланыстың, кәсіпкерліктің басқа да түрлерін молынан игеруге жол ашып тастадық. Бұған Жер Кодексі жобасындағы қазақ жерін жалға беру баптарының өзгеріссіз қалуы да қолайлы жағдай туғызып отыр. Мұны жергілікті билік басындағылар білсе де, қарапайым халықтан жасырып отыр. Қытайдың Қазақ жерінде өз саясаты барын АҚШ, Ресей және іргеміздегі Европа сияқты ірі мемлекеттер де сезініп, олар да Қытайдың Қазақ жеріне бойлап енуіне алаңдаушылық білдіруде.

Нұрлыбай Қошаманұлы

Қатысты Мақалалар