Мәсімов терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді

/uploads/thumbnail/20171208192734792_small.jpg

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Астана қаласында ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Консультациялық-кеңесші органның жұмысына Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары Ә.Қ. Әбдімомынов, Бас прокурор Ж.Қ. Асанов, министрліктер мен ведомстволардың басшылары, сондай-ақ Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдері қатысты.

Каспий теңізінің құрлық қайраңы шегінде орналасқан объектілерге қатысты террористік қауіп-қатерлерге ден қоюға мемлекеттік органдардың әзірлігі мәселелері талқыланды.

Терроризмге қарсы орталықтың басшысы ТҚО-ның 2017 жылғы жұмысын қорытындылады және келесі жылға арналған бірінші кезектегі міндеттерді белгіледі.

ТҚО отырысының нәтижелері бойынша бірқатар хаттамалық шешімдер қабылданды.

Қатысты Мақалалар