Алматыда «Спорт менің ауламда» атты чемпиондар лигасының финалы өтті

/uploads/thumbnail/20171219132430539_small.jpg

Алматыда «Спорт менің ауламда» бағдарламасы аясында 7-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында чемпиондар лигасының финалы өтті.

Екі күнге созылған жарыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті спорт кешенінде өтіп, оған Алматының әр ауданынан келген 800-ге жуық адам қатысты. Сайыстар ұлттық және жылжымалы спорт түрлерінен, сонымен қатар бірнеше байқаулар өткізілді.

Чемпиондар лигасы аясында жеткіншектер асық ату, шағын футбол, бұқа тартыс, секіргіш, арқан тарту, жеңіл атлетика, стритбол, тымақ ұру, қол күрес спорт түрлерінің өзара мықтыны анықтады. Сонымен қатар, отбасылар арасында «Біз мықтымыз» эстафетасы өтті.

– Біз отбасымызбен келіп, баламызбен бірге қатысып көрейік деп шештік. Бізге бәрі ұнады. Спорттың құмарына кіріп, тіпті өзім спортпен шұғылданғым келіп кетті. Өте жақсы бағдарлама, осындай пайдалы бастамаларды үнемі қолдап, дамыту керек. Әкімге, ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін. Осындай жарыстарға қатыспағалы көп болыпты. Біз өзіміз Алатау ауданыңда тұрамыз. Балам ылғи есік алдында достарымен ойнайды. Аладғы уақытта тағы да келеміз деген ойдамын, – деді өз отбасымен келіп эстафетаға қатысқан Тимур Садықов.

Айта кетер жайт, бұл чемпиондар лигасы жарысы осы бағдарлама аясында қараша айында басталған болатын. Бірнеше кезеңнен тұратын сайыстың финалына тек өз аудандарының мықтылары келіп өнер көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша, жеңімпаздар мен жүлдегерлер медалдар және дипломдар, ал футболшылар қосымша кубоктарға ие болды. Жалпы саны 28 комплект медалдар табысталды. Оларды құттықтауға осы жобаның жетекшілері, бапкерлері мен үйлестірушілері және дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, көптеген жарыстардың жүлдегері Евгения Бодунова келді.

– Мен тоғызқұмалақтан бірінші орын алып, өте қуанып тұрмын. Өзім Түрксіб ауданынан келдім. Маған осы ойын қатты ұнайды. Мектептегі мұғалімім үйреткен болатын. Қазір 74-ші мектепте 8 сыныпта оқимын. Балалармен ылғи жиналып аулада футбол ойнаймыз. Олда өте қызық. Осындай жарыстар жиі болып тұрса жақсы болар еді, – деп жеңімпаздардың бірі Рамазан Назарбаев өз ойымен бөлісті.

Айта кетер болсақ, Алматының алты ауданында спорттың бірнеше түрлерінен «Спорт менің ауламда» бағдарламасы аясындағы чемпиодндар лигасы іріктеу жарыстарының үшінші кезеңі өткізілген болатын.

Жарыстар Алатау, Әуезов, Жетісу, Медеу, Наурызбай және Түрксіб аудандарында бірдей ұйымдастырылды. Осы бағдарламаға қатысып жүрген балалар мен жасөспірімдер асық ату, шағын футбол, бұқа тартыс, секіру, арқан тарту, жеңіл атлетика, стритбол және тымақ ұру спорт түрлерінен бақ сынасты.

Жоғарыда аталып өткен әр ауданда 100-ден аса жеткіншек өзара мықтыны анықтады. Қатысушылар атап өткендей, олар бұқа тартыс және тымақ ұру сияқты ұлттық спорт түрлерін енді танып білуге құмарта бастаған.

Қатысты Мақалалар