Ресей 200 және 2000 рубльдік екі купюраны айналымға енгізді

/uploads/thumbnail/20171219132043538_small.jpg

Ресей банкі ағымдағы  200 және 2000 рубльдік купюраларды қосу арқылы ресейлік банкноттардағы белгілерді жаңартты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталының мәліметіне сүйеніп.

Купюраларды алғашқы болып пайдаланған Мәскеу және Қырым мен Қиыр Шығыс болған. Желтоқсанда Ресейдік барлық аудандарына тарай бастайды. 

Жаңа купюралар жайлы Ресей Банкі 2016 жылдың сәуірінде хабарлаған. Сонымен қоса ресейліктер жаңа банкноттардың негізгі белгілерін өздері таңдаған. Бүкілресейлік дауыс беру нәтижесінде екі жеңімпаз анықталды – Севастополь мен Владивосток.

Орталық Банк жаңа банкноттардың презентациясы 2017 жылдың 12 қазанында өтті. Сол күні-ақ купюралар айналымға шықты. Айта кетейік, 200 рубльдік купюралар Украинада «заңсыз» деп танылды.

Қатысты Мақалалар