Ақылы әскери-техникалық мектепті 6500 адам бітірді

/uploads/thumbnail/20171219141318424_small.jpg

2017 жылы Қазақстанда 6 500-нан жоғары әскерге шақырылушылар ақылы негізде әскери-оқу резервінің дайындық бағдарламасы бойынша әскери мамандықтар алып шықты.

Дайындық Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектептерінің мамандандырылған ұйымдарында жүргізіледі. Қазір бұл оқу орны Қазақста6ың 15 қалада бар. Қабылдау ағымдағы жылда жүргізіледі. Кандидаттар медициналық комиссиядан өтіп, әскери ісін зерделеп, содан кейін қызметін өткереді. Дайындық мерген, пулметші, гранатаметші мамандықтары бойынша мамандық алып шығады.

Оқу бір жарым ай өткен соң бітіру емтиханын тапсырады. Қызметті сәтті аятаған бітірушілер әскери мамандығы бойынша біліктілік беріліп, соның негізінде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы әскери билет беріледі. Жергілікті әскери басқару органдары "қатардағы" әскери атағын бере отырып, әрбірін әскери міндеттілерді (жұмылдыру резеріне) есепке алады.

Алматыда 28-гвардияшы-панфиловшылар атындағы паркінде Әскери-техникалық мектептің 150 тәрбиеленушілері әскери ант қабылдады. Салтанатты іс-шарада Алматы қаласының қрғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Кеңес ардагерлерінің, Ауғанстан және басқа да жергілікті соғыстарының қатысушылары мен Үйлестіру кеңестік қоғамдық бірлестіктерінің ардагерлері қатысты.

Іс-шара Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қоюмен басталады. Ант қабылдағаннан кейін әскери-техникалық мамандықтарының курсанттары көрсетілім кезінде АК-74 автоматын жинау-шашу, қоян-қолтық ұрыс бойынша спорттық ойындар көрсетті.

Әсіресе, Алматыда әскери-техникалық мектепте ең көп тәрбиеленушілер бітіреді.

Әскери-техникалық мектебінде оқу үшін кандидаттарды іріктеу Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментімен жүзеге асырылады.

Қарлығаш Мұсабекқызы,
Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті

Қатысты Мақалалар