Алматыда алапат өрт болды (фото, видео)

/uploads/thumbnail/20171219144310342_small.jpg

Алматыда 19 желтоқсанда көпқабатты үй өртке оранды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

ТЖД хабарлауынша, 11:46-да «101»-ге Самал-2 ықшам ауданындағы «Триумф» тұрғын үй кешенінен өрт шыққаны хабарланды. Алғашқы өрт сөндірушілер 7 минуттан соң, сағат 11:53-те жеткен.

9 қабатты тұрғын үйдің шатырынан түтін шықты. Өртті сөндіру барысында 50 адам эвакуацияланған, оның үшеуі балалар.

Сағат 12:21-де өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтап алды. Өрт көлемі 40 шаршы метрді қамтыды.

Абырой болғанда қаза тапқандар мен жарақаттанғандар жоқ.   

Алматы өрт

Қатысты Мақалалар