VI ғасырда салынған кітапхана қайта ашылды

/uploads/thumbnail/20171220092210456_small.jpg

Әлемдегі ең көне кітапханалардың бірі қайта ашылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

24.kz порталының мәліметіне сүйенсек, Мысырдағы әулие Екатерина монастріне тиесілі бұл мекеме 2014 жылы жөндеу жұмыстарына жабылған болатын. Мұнда 6 мыңға жуық діни қолжазбалармен қатар, мыңдаған көне кітап сақталған.

Олардың арасында ежелгі грек дәрігері әрі философы Гиппократтың медициналық рецептері мен шығыс-арамей диалектінде жазылған Библияның көне көшірмелері бар.

Жалпы әулие Екатерина монастырі – ең ежелгі христиандық ескерткіштердің бірі. Ол VI ғасырда салынған.

2002 жылы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енді. Ал оның ішіндегі кітапхана тарихи-діни әдебиет саны бойынша әлемде екінші орында тұр. Ең ірісі Ватиканда орналасқан.

– Монастырде сондай-ақ әлемдегі ең ежелгі әрі ең ірі мозаикалардың бірі бар. Ол 12 жылға созылған қалпына келтіру жұмыстарынан кейін көпшілік назарына ұсынылады. Жарты миллион тастан тұратын мозаика шамамен 1400 жыл бұрын жасалған, - деді діни қызметкер Тони Казамиас.

Қатысты Мақалалар