Астанаға қонаққа келген жас жігіт өзін өртеді

/uploads/thumbnail/20171220110737652_small.jpg

Астанада 18 жастағы павлодарлық жігіт "Ailand" отбасылық демалыс орталығының жанында суицид жасамақ болды, деп хабарлайды елорданың ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Бұл таралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik-ке сүйеніп жазады. 

Оқиға сейсенбі сағат 17 шамасында болды. Жұрттың көзінше өз-өзіне қол салмақ болған жігіт ешқандай талап қоймаған. Оқиға орнына полиция жасағы мен жедел жәрдем келіп жетті. 

"Жігіттің үстіндегі жанған киімі бірден сөндірілді. Аталған оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Оның неге суицид жасамақ болғаны анықталуда", — деп хабарлады полиция. 

Қолы мен мойны күйіп қалған ер адам ауруханаға жеткізілді. 

Қатысты Мақалалар