Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес Ержан қажы Малғажыұлы «Құрмет» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын барысында Ержан қажы Малғажыұлына «Құрмет» орденін ресми табыстады.
Министр іс-шараға қатысқан діни және үкіметтік емес ұйым жетекшілерін, жастар бірлестіктері өкілдерін ел игілігі жолындағы қызметтеріне алғыс білдіріп, табыс тіледі.
Салтанатты шарада «Нұр Мүбәрак» университетінің проректоры Шамшәдин Керім де «Құрмет» орденімен марапатталды.