Қытайда халық алдында 10 қылмыскерді өлім жазасына кескен (фото, видео)

/uploads/thumbnail/20171220114403262_small.jpg

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында халық алдында 10 адамды өлім жазасына кесті. Оның жетеуі есірткі сатқаны үшін, ал үшеуі адам өлімі және ұрлықпен айналысқаны үшін жазаланды.

Қылмыскерлерге қатысты үкім шықпас бұрын жергілікті тұрғындар әлеуметтік желі арқылы шараның өтетіні жайлы хабар алған. Бұл туралы lenta.ru жазады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыскерлер үкім шыға сала өлтірілді, ал мұны көруге мыңдаған адам жиналған.

Айыптылар алаңға жүк көлігімен жеткізілді. Әр қылмыскерді қара көзілдірік киген төрт офицер қоршауға алған. Алаңға жиналған жұрт өлім жазасын ұялы телефондарына түсіріп алды.

Қытай жыл сайын бірнеше адамды өлім жазасына кесіп отырады. Оның көбі мемлекеттік құпия ретінде сақталып, сыртқа жария етілмейді. Dui Hua Foundation құқыққорғау ұйымының мәліметінше, 2016 жылы елде 2 мыңға жуық қылмыскер өлім жазасына кесілді.

Қытай

Қытай

 

Қатысты Мақалалар