Әлемдегі ең ірі Facebook әлеуметтік желісі бірінші көпшілік ұсыныс (IPO) аясында құнды қағаз үшін 38 доллар деңгейінде, яғни бұған дейін белгіленген 34-38 доллар шеңберінде бағаланып отыр. Ал компанияның өзі 104 миллиард долларға бағаланды.
РИА Новости ақпаратына қарағанда, ұсыныстар қорытындысы бойынша Facebook-тің 421,23 миллион қарапайым акциялары еркін айналымда болады. Оның ішінде 180 миллионды компанияның өзі, ал қалған 241,23 миллионын акционерлер сатуда. Осылайша, сатушы тараптар IPO барысында өздеріне 16 миллиард доллар тартты. Компания активі шамамен 104 миллиард доллар алды. 421,23 миллиондағы IPO көлеміне 63 миллионнан артық емес бағалы қағаздар кірмейді. Оларды 30 күннің ішінде IPO ұйымдастырушылары – банктер қосымша сатуы мүмкін. Соны қоса есептегенде, IPO көлемі 18,4 миллиард долларды құрауы мүмкін. Facebook акциялары технологиялық компаниялар арасында танымал NASDAQ америкалық биржасында «FB» деген белгімен 18 мамырдан бастап сатыла бастайды. Facebook басшысы Марк Цукерберг IPO-дан кейін дауыс беруші компания акциясының шамамен 55,8 %-ын бақылайды, ол бұған дейін жоспарланғаннан 1,5%-ға төмен. Facebook-ті алғаш сатылымға шығару АҚШ тарихында Visa мен General Motors-тан кейінгі үшінші ірі IPO болады. Салыстыратын болсақ, Google ғаламтор компаниясы 2004 жылы өзінің IPO-ға кіруі кезінде 23,1 миллиард долларға бағаланды, ал өткен жылы инвесторлар Groupon жеңілдік қызметін 12,7 миллиард долларға, Zynga-ны -7 миллиард долларға, LinkedIn жүйесін тек 4,3 миллиард долларға бағалады. Еуразия бірінші арнасы
Пікір қалдыру