Үндістандық режиссер Гириш Малик Қырғызстандағы 4 миллион доллар бөлінген фильмнің түсірілімдері жайында баяндады. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан хабарлады.
Бірнеше танымал фильмдердің режиссері Гириш Малик Қырғызстанда жасауға мүмкіндік беретін бірнеше жобаларды атады.
Оның Орталық Азияда түсірген фильмі бала тәрбиесі мен біліміне арналады. Фильмге Болливудтың бірнеше жұлдыздарымен қатар, Қырғызстанның актерлері түсті. Әрі режиссер қырғыз актерлеріне тәнті болғанын жасырмады. Сонымен қоса, елегі діннің алатын орны ерекше екеніне көзі жеткен. Табиғи сұлулықтан бөлек, мешіттер мен зираттар режиссердің көзіне оттай басылған көрінеді.
Қырғыз қыздары жайында да сөз қозғады. Алғаш кездестірген қырғыз аруы Үндістандағы Қырғызстан елшілігінің қызметкері болып шыққан. Режиссер қыздың сұлулығына, көркіне, ақылына ерекше тәнті болып, оны көргендегі әсерін баяндап берді.
Пікір қалдыру