Талдықорғанда жантүршігерлік оқиға болды. 30 желтоқсан күні кешкі сағат жетілер шамасында жас жігітті белгісіз біреу көшеде атып кетті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахметов бұл оқиғаны растады. Қазір күдікті ретінде 1998 жылғы бозбала ұсталды. Анықталғандай, ол қаладағы колледждердің бірінде оқиды. Екі жас жігіт бастапқыда сөзге келіспей ерегесіп қалған. Соңында 19 жастағы студент танысын шолақ мылтықпен атып жіберген. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.
Қазір осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 99-бабының екінші тармағына сәйкес іс қозғалып, тергеу жалғасуда. Күдікті қамауға алынды. Ал шолақ мылтық іс материалына айғақ зат ретінде тіркелді.
Пікір қалдыру