ҚР Ұлттық банкі латын әліпбиімен купюра шығарған жоқ, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің қаржы мәселелері бойынша Тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі департаменттің директоры Александр Терентьев хабарлады.
"Латын әліпбиімен басылған банкноттар шығарған жоқпыз. Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, латын әліпбиіне көшу 2025 жылы жүзеге асады. Ол уақытқа дейін тиісті шараларды жүргізуді жоспарлап отырмыз", - деді ол.
Сонымен қатар, Ұлттық банктегілер купюраға қатысты барлық сұрақтармен ұйымның филиалдарына баруды өтінді.
Пікір қалдыру