2018 жылдың 1 қаңтарына арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20171130142331944_small.jpg

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек батыста, оңтүстік-батыста және солтүстік-батыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады. Кей жерлерінде көктайғақ, тұман, желдің күшеюі күтіледі деп хабарлайды Қазгидромет.

                Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-23 м/с күтіледі. Ақмола, Алматы,  Қостанай,  Солтүстік Қазақстан, Павлодар, түнде және таңертең Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Маңғыстау,  Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ бақыланады. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі  күтіледі.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар