Астанада дарынды бала Әділбек Жақсыбековпен селфи жасады (фото)

/uploads/thumbnail/20170708164444580_small.jpg

Бүгін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков дарынды балалармен - елорда мектептерінің оқушылары, республикалық және халықаралық олимпиада, түрлі конкурстар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздарымен кездесті. Астанада дарынды бала Әділбек Жақсыбековпен селфи жасады (фото)

Кездесу бейресми жағдайда өтті. Шараның тізгінін де оқушылар өз қолдарына алды. Жас физиктер, математиктер, информатиктер, архитекторлар, суретшілер, эколологтар мен спортшылар елорда басшысына өздерінің табыстары мен жетістіктері жайында әңгімелеп, болашақ жоспарларымен бөлісті.

Астанада дарынды бала Әділбек Жақсыбековпен селфи жасады (фото)

Әкім қызыққа толы кездесу үшін балаларға алғысын білдіріп, көптеген сұрақтарына жауап берді. Және спортпен, дене шынықтырумен шұғылдану олардың денсаулығы мен қалыпты дамуына әсері мол екенін естеріне салды. Қала әкімі жас көшбасшыларды қол жеткізген нәтижемен шектелмей, одан әрі алға басуға шақырды.

"Біздің жастардың арасында Билл Гейтс сияқты инноваторлар, Абай Құнанбайұлы сияқты философтар, Қаныш Сәтбаев сияқты ғалымдар, Мұхтар Әуезов сияқты жазушылар жүруі мүмкін. Сендердің оқып, білім алуларың үшін, жетіліп, даму үшін барлық мүмкіндіктер жасалып жатыр. Сендердің болашақтарыңның жарқын болуы - бұл қаламыздың, тұтас еліміздің болашағының жарқын болуы деген сөз", - деді ол.

Астанада дарынды бала Әділбек Жақсыбековпен селфи жасады (фото)

Сөз соңында Әділбек Жақсыбеков "Сендерге тек сәттілік пен жеңістер тілеймін!" - деп жас жеткіншектерге өз тілегін білдірсе, дарынды оқушылардың бірі қала басшысымен селфи жасап үлгерді. "ҚазИнформ"

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар