Бүгін Астана қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы ауа райына байланысты жұмысын уақытша тоқтатты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы ұшу қауіпсіздігіне және ауа райының қолайсыздығына байланысты сағат 09:10-нан 13:10-ға дейін өз жұмысын уақытша тоқтатады.
Қазіргі уақытта желдің бағыты – 220 градус, ал жылдамдығы 23 м/с-қа жетті. Жел екпіні 30 м/с-қа дейін. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.
Пікір қалдыру