15 қаңтарда Астана қаласы, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында "Ақ жол" ҚДП Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы "Ақ жол-жастар" жастар қанатының әуесқой әртістерінің сомдауымен Кеңес үкіметі кезінде Қазақстан Орталық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарған, Қоғам және Мемлекет қайраткері, публицист, журналист- тілші, Алаш Орда үкіметі және Алаш арыстарымен тығыз байланыс орнатып, ел мүддесі үшін аянбай еңбек еткен ерен тұлға Жалау Мыңбайұлының өмірі мен қызметі хаһында сыр шертетін «Елім деп өткен Ер Жалау!» атты тарихи драмалық қойылым қойылады.
Өтетін орны:
Астана қаласы, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры
Өтетін уақыты: 15 қаңтар, 2018 жыл. сағ:18.30-да.
Кіру тегін!
Байланыс телефоны: 8 (775) 4787229
Пікір қалдыру