Тұрсынбек Қабатов жүргізетін «Көңілді тапқырлар алаңы» супер кубог ойынында «Арал-Ас» командасының ойыншысы өз сүйіктісіне ұсыныс жасады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Тіпті 1-сыныптың өзінде мектепке папкасын ұстап, мектепке апаратынмын. Сол кезде мамаға: осы қызды алып келші, мен аламын деп айтатынмын. Енді арада 20 жылдай уақыт өтті. Мөлдір, мен саған сезімімді білдірсем. Мен сені өмір бақи бақытты қыламын деп уәде бермеймін, бақытты қылуға тырысамын! Өміріңніңсоңына дейін менімен бірге болуға дайынсың ба?» – дейді жігіт.
Қуаныштан көзіне жас алған бойжеткен бірден келісімін берді.