Бір топ содырлар Ауғанстан астанасы Кабул қаласындағы әскери академияға шабуыл жасады. Қазір оқиға орнында атыс болып жатыр. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tolo news телеарнасының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Ауғанстан астанасының билігі Маршал Фахима атындағы ұлттық қауіпсіздік университетіне шабуыл жасалғандығы туралы ақпаратты растады.
Деректерге сәйкес, қауіпсіздік күштері оқу орнына баратын жолды жауып тастаған. Зардап шеккендер мен көз жұмғандар жайлы ақпарат әлі келіп түскен жоқ.