Қажытай Ілияс дүниеден өтті

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

Белгілі ақын, қазақ сөз өнерінің майталманы, этнограф Қажытай Ілиясұлы дүниеден озді. Көненің көзіндей болып, бүгінгі ұрпаққа асылдың сөзін жеткізген марқұмның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесі ұшан-теңіз. Қажекеңнің жатқан жері жәннатта, топырағы торқа болсын!

Жүкел Хамай: Жалғыз әкемнен қалдырған, көздің жасын бұладым!!!

Оу, Қажекем, Қажекем!.. Сендей ерлер бар ма, екен?! Бескүндік мына ғұмырда?! Сендей де бір серісі Бұл қазақта бар ма екен!.. Мәңгілілеу мына ғұмырда Серілерге қаза атқан Құдайым менің соқыр ма?! Жамбылға берген жүз жасты Қимаған ОЛ да пақыр ма?! Не... не дейін, Қажаға! Артыңда қалған ұрпағың... Руда-кен тәтем, жұрнағың "Қажытайым, қайда?" деп Сұраса, оларға не дейін?!. Жалмауыз мына дүниең Көз жасына тояр ма?.. Ботасы өлген боз інген Бозарып бір солар ма?!. Құдай атқан ғұмырың!.. Жыладым-ау, жыладым!.. Жалғыз әкемнен қалдырған Көздің жасын бұладым!!!    

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар