Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Бақытжан Жұмағұлов Н. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі аясында Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының шығармашылық ұжымымен жүздесуге арнайы қонаққа келді.
Кездесудің алғы сөзін аталмыш академияның ректоры, профессор Бибігүл Нүсіпжанова ашып, сенат депутатына өнер шаңырағында соңғы уақытта болып жатқан жаңалықтармен таныстырды. Ректор Сенат депутатының биік беделінің айғағы ретінде тағайындалған мемлекеттік дәрежелерімен таныстырған сәтте: «Ресейлік математик-ғалым Садовничий айтқандай, мұның бәрін айтпай-ақ қоюға болар еді, алайда мұның барлығы да шындық», - деп көпшілікті бір күлдіріп алды.
Сенат әңгімесін жастық шағының қызықты күндерінің куәсі ғимараттың әрбір орындарын сағынышпен еске ала отырып, Елбасының жоғары оқу орындарындағы әлеуметтік бастамаларды талқылады.
«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінің орны зор. Қазақ даналығы айтады: «Жақсы істі көргенде жетуге асық». Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту және т.б. жастардың әлеуметтік мақсаттағы игі мақсаттарына бағытталып отыр. Алдағы оқу жылында жас талапкерлердің болашағы жарқын болуына 20 мың оқу гранты бөлініп, білімді аламын деген жастарға даңғыл жол ашылып отырғанның айғағы», - деді.
Сондай-ақ, соңғы жылдары елімізде жастар Ресей сияқты жақын және алыс шет мемлекеттерге білім іздеп кетушілердің саны артып отыр. Бұл мәселе оң шешімін табу үшін еліміздегі білім беру сапасын жақсы жолға қою керектігін айрықша атап айтты. Шығармашылық ұжымы депутатқа «шет мемлекеттерде білім алып жатқан жастардың саны күннен күнге артуда. Мұның еліміздің әлеуметтік-мәдени бағытына кері әсері болуы мүмкін бе?» деген жүрекжарды ойларын ортаға салды.
«Шет елде білім алудың жақсы не жаман екенін біз қазір нақты ештеңе айта алмаймыз. Бұл үдерістің қандай нәтиже беретінін тек он не он бес жылдан кейін ғана байқай аламыз. Осындай мәселелерді шешу үшін Елбасының Үндеуінде айтылған әлемдік стандарттарға сай білім беру жүйесін қалыптастыра отырып, студенттердің білім алуына және тұратын жеріне жағдай жасауға тиісті назар аударуымыз қажет», - деп айрықша атап айтты сенатор.
Бақытжан Тұрсынұлы Елбасының қашанда жастарға үлкен үміт артатынын айта келіп, мәңгілік ұлт идеясының негізгі өзегі – қазақ өнерін әлемге паш ететін жас өнер иелеріне үлкен үлес қосатындарына сенімін білдірді. Кездесу барысында: «Театр өнері факультетінің деканы, профессор Аман Құлбаев тарихы бай киелі шаңырақта талай қазақ өнерінің тарландары түлеп ұшты.
Қазіргі оқу театрының орындары өте аз болғандықтан кең әрі бүгінгі заман талабына сай Академия ауласында жаңа заманауи үлгіде театр қажет болып отыр. Тіпті бұл құрылыстың жобасы да дайын тұр, иек қана қолға алып кірісу керек. Академияның шығармашылық көрсеткіштері үлкен биіктікке шығу үшін ең алдымен жаңа оқу театры аса қажет болып отыр», - деп өз сауалын жолдады.
Ғылым және білім саласында басшылық еткен Халық қалаулысы еліміздегі жоғары оқу орындарындағы түйткілді мәселелер төңірегіндегі сауалдарға талдап-талғап, толыққанды жауап берді.
Пікір қалдыру