ҚазҰУ-да Наурыз мейрамы тойланды

/uploads/thumbnail/20170719122045861_small.jpg

Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттың университетінің  ЖОО-ға  дейінгі білім  беру  факультеті,  ЖОО-ға  дейінгі  дайындық кафедрасы  аясында  дәстүрлі,  жыл  сайын  тойланатын,  көптен  күткен  Наурыз мейрамы тойланды.  Факультет  ұжымы   және   тыңдармандар  құрметті  қонақтарды  қарсы  алды,  олар  ҚХР-ның Қазақстандағы  бас  консулы Чжаң Вей, Конфуция  институты  бастығының   орынбасары  Ваң Жин,  ректордың  бірінші  проректоры  М.М.Бүркітбаев және басқа  да  қонақтар.

Айтулы   мереке  қызу  дайындықпен,  ерекше  көңілмен  басталып та кетті. Залда  қазақтың  күйі  күмбірлеп  ойнауда.   Барлық   қонақтар,  оқытушылар,  тыңдармандар  жүзінде  күн  шуағын шашқандай  қуанышты  күлкі.  Мереке  ән,  жыр,  күй,  бисіз  тойланбаған.  Сол   дәстүр  бойынша  мерекелік  концертте  өз  бастауын  алды.  Концерттті  даярлауға,  оны  жоғары  деңгейде  өткізуге  ЖОО-ға  дейінгі дайындық  кафедрасының  оқытушылары  мен  белсенді,  өнерлі   тыңдарман  жастар  ат  салысқан  болатын. 

Мереке   университетіміздің    бірінші  проректоры  М.М.Бүркітбаев  мырзаның  құттықтау    сөз  сөйлеуімен   басталды. Одан  соң  ҚХР  - ның  Қазақстандағы бас консулы   Чжаң  Вей  Наурыз  мерекесімен құттықтап  сөз  сөйлеп,  жақсы  лебізін  жеткізді.

Тыңдармандар  арасында  өнерлі  жастар көп-ақ.   Мереке  «Көктем»  әнін  шырқаудан  басталды.  Енді   бір  кезекте,  Жапон  азаматы,  ұлты  жапон  Токуми   Эозинава  қазақтың  киелі аспабы – домбырамен  «Ерке сылқым»  күйін  ойнап,  баршаны  таңқалдырды.   Қытай  қызы,  қытай  жігіттері,  көрей  жігіті қазақша  ән  айтып,  таңдай  қақтырды.    Өзіміздің  қазақтың  қаракөз  ұлдары мен қыздары да өнерден  қалыс  қалған  жоқ.   Танымал баламыз   Әлихан  терме айтып,  Өркен  баламын  бірнеше  әндер  шырқап  көңіліміз  көтеріліп,  бір  жасап  қалдық.    Мерекеге   көптеген  түрлі  дайындықтармен келіп,   ойындар,  жарыстар,  көктем  мен  жаңа – жылға  қатысты өлеңдер  оқылып,   «Қара  жорға»  биі   мерекені  мәресіне  жеткізді.  Соңынан    жиналған  қауым  бір  кісідей  «Наурыз  көже»  ішіп,  ыстық  бауырсақ  жеп  мәре-сәре  болды. 

Мерекеге   Шалқар,  Самғар,  Арғынбек,  Сұңқарбек, т.б.  есімді  ұлдар  мен   Жастел,  Айсымбат, Кенже, Перизат,  Дидар , т.б.  есімді  қыздар   жақсы  дайындыпен  келіп,  өнерлерін  ортаға  салды.    Айта  кету   керек,  бұл  жастар   ҚХР – нан,  Өзбекстаннан,  Тәжікстаннан,  Монғолиядан  білім  іздеп  оқып  жатқан  жастар.    Мереке  өте  қызықты, бауырмашылдық   сипатта  өтті.  Енді  Наурыз  мерекесінің  қысқаша тарихына  тоқталайық:

Наурыз мейрамы — ежелден  қалыптасқан жыл бастау мейрамы.  Күнтізбе  бойынша  күн мен түннің теңесуі -  22 наурызға  тура  келеді.  Көне парсы   тілінде   наурыз -  «жаңа күн», яғни «жаңа жылды» білдіреді. Бұл  мереке 2010 ж мамырынан  бері   БҰҰ-ның   шешімі бойынша  21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді.

Наурызды   көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері   Қара  теңіз  маңында, Балкан  түбегінде,  Орта  Азияда,  Кавказда,  Таяу  Шығыста  тойлаған.

UNESCO  2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын   мәдени мұра тізіміне кіргізді.   Қазақстанда 2010  ж   бастап  Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі. Иранда  21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда,  Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып,   толанып  келеді.  Наурыз  мерекесін ежелгі   гректер «патрих», бирмалықтар  «су мейрамы», тәжіктер  «гүл гардон»,  «бәйшешек», «гүлнаурыз»,    хорезмдіктер «наусарджи», татарлар «нардуган», буряттар «сагаан сара», соғдылықтар  «наусарыз»,   армяндар   «навасарди»,    деп түрліше атаған  екен.

Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям, т.б. ғұламалар  еңбектерінде шығыс халықтарының   Наурызды тойлағандығы  туралы  мәліметтер   берілген.

Қазақ  халқыны дәстүр   бойынша   Наурыз мейрамын   бүкіл ауыл-ел болып,   тазаланған  арықтарға су жіберуден,  ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін  өткізуден  бастаған.   Мереке    түрлі  халықтық   ойын  ойнаумен,  атап  айтсақ -  «Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек»,   «Алқа  қотан», т.б.   сауық  құрған.    Түрлі  әсем ән салып,  би билеп ,  ақындар айтысып,   «Қызғалдақ»   мерекесімен  жалғасып  жататын   Түнге қарай   «Алтыбақан»   айналасындағы    тамашамен   аяқталатын.

Наурыздан  кейінгі 2-ші күні  жұрт  жаппай көктемгі  егісін  бастап  кететін.  Малшы   жағы   да төл алуға қатысты іс – әрекетімен  айналысатын.

Қазіргі  кезде  наурыздың 22 күні Наурыз мейрамын  Қазақстанда   үлкен  мерекелер  ретінде  тойланады,   оған  ерекше  мән  беріліп,   қаланың  саябақтарында,  алаңдарында,  демалыс  орындарында  халыққа  тегін  Наурыз  көже мен  бауырсақ  таратылып,  соңынан  эстрада  жұлдыздары  ән  шырқап  мереке   ары  қарай  ұласады. Наурызымыз  жалғаса берсін.

А.Е.Үсенбекова,

Әл –Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық Университеті,

ЖОО-ға  дейінгі білім беру  факультеті,

ЖОО-ға  дейінгі білім беру  кафедрасы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар