АДАМ, АДАЙ және МАН АТА ЕСІМДЕРІНІҢ ЭТНОГЕНЕЗИСІ

/uploads/thumbnail/20170708171354002_small.jpg

 "ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА 550 ЖЫЛ" ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БӘЙГЕСІНЕ

  Баршамызға белгілі жер бетіндегі бүкіл адамзат баласы Ұлы Жаратушы - Алланың алғашқы жаратқан саналы тіршілік иесін «Адам» және «Ман» деп тек қана екі есіммен атайды. Адам атамыз бен Ауа анамыздың атын (қарашаңырағын) Адай (Ад ата, Ай ана) ұстап отырса, Ман атамыздың атын  Манқыстау ұстап отыр.

        Ал, Адам ата ма, Адай ата ма, әлде Ман ата ма, қайсысы қайсысынан бұрын дүниеге келген деген сұраққа жауап іздесек, бірінші Адай ата деп батыл тұжырым жасаймыз. Себебі, жер-суға атау беретін, ұлы аталарымыз екендігіне қандай дау бар. Демек, Манғыстауға атау бергендер осы бүгінгі Адайлардың ата-бабалары.

        Ман – «Ма» деген бірінші буынға - «ан» жалғаулығы қосылған таза қазақ сөзі. Сонда «Ман» атамыздың аты да, оның екінші буыны «Ан»-ға «А» әрібін жалғасақ «Ана» болып шығады. Шежіредегі «әйел ер адамның қабырғасынан» жаралыпты делінетініндей, ана сөзі Ман атамыздың есімінің ішінен шығып тұр. Бұл тұжырымның дұрыстығын айғақтайтын басты деректердің бірі, Атам Қазақтың "кеңесетін қабырғасы" мен Маңғыстаулық қазақтардың ет тартқанда қабырғаны әйелдерге тартып «сендер біздің қабырғамыздан» жаратылғансыңдар деп ишаралайтындарының сыры осы. Енді осының үстіне Ман есімінің басында тұрған «М» дыбысының, Адам дегеніміздегі соңғы дыбыс екенін қосыңыз. Демек, Ман ата - Адам ата ұрпақтарының жалғасы. Бұл ұғымдардың бәрінің шығу тегі аттары айтып тұрғандай Манқыстау болып табылады.

        Адам - таза қазақ сөзі. Бұл сөз ежелгі қазақтар арасында дүниеге келген. Сонау Адам ата мен Ауа анадан бастап, олардың бүткіл ұрпақтарында адам деп айтып келе жатқан қазақтар болып табылады. Өзге елдер Адам деп, тек қана Адам атаны айтады. Ата (ада) сөзі өзіміздің әкемізден бастап, Адам атаға дейінгі бүкіл ата - бабаларымызды білдіреді де, оған «м» әрпін жалғаған кезде «атам менің» дегенді білдіреді. Қазақтың ана тілінде қай сөзге «м» әрпін жалғасаң да менікі деген мағына береді. Мысалы: Атам – менің атам, әжем, әкем, шешем, ағам, апам,інім,  балам, қалам, далам т. т. б. осылай жалғасып кете береді.

        Ал «м»-нің орнын «й» дыбысымен ауыстырған кезде «Адай» болып, ұрпағы (ұлы, қызы, баласы) деген көпше мағына береді. Бұның дәлелі, қазақ та, күні бүгінде де «Адайласаң да таусылмайды» деп өте көп деген мағына да, ал ата, ада бір адам, азаю, таусылу деген мағына да қолданылады. Мысалы, «Найманмен жапсарлас жүретін Жамұқа да ел-жұртынан ада болып, бес жолдасымен бірге қаңғып жүріп, Таңлы тауын паналайды» (137 бет), «Қаталдықпен ада (жоқ) етіп», «Билеген елден ада етіп (айырып)» (65 бет), «Ада болсам жиһаннан» (99 бет) (Моңғолдың құпия шежіресі). Мұның мағынасы: Адай – көп адам, Ада болу – жалғыз қалғанша азаю, немесе кез-келген заттың таусылуы болып шығады.

         Ежелде, тіпті күні бүгінде де Қазақ Алып биінің (Әліппе деген сөзіміздің негізгі, түпкі  мағынасы осы)қағидасы бойынша, бес дыбыс «Н, Й, И, Ы, І» - баласы, ұрпағы, ұлы, қызы деген мағына да қолданылған. Ыбрай Алтынсарин (Ыбрай Алтынсарының баласы), Тоқаш Бокин, Марат Тажин, Қайрат Мамин, Ерлан Карин, Жажир Адай, Ордалы Қосай, Ақылбек Жеменей, Қожа Ахмет Иассауи, Хаким Тарази,  Тұңғышбай Әл Тарази,  Тоқтамыс Жары, Исатай Тайманұлы, Бауыржан Момышұлы,  Әбубәкір Кердері, Шыңғысханның тегі Мұңал, немесе Мұңал Адайдың немересі т.т. деп жазып жүргендеріміздің сыры осы.

         Біз қазір соңғы үш ғасырға жуық орыс отаршылдығының кесірінен, әсіресе Кеңес Одағы кезінде аты-жөнімізге Орысты ата (Иванов, Сидоров, Петров), Еврейді әке (Робинович) деп зорлықпен жазып берді. Біздің көбіміздің (әсіресе орыс тілді билік басындағылардың) ата-тегіндегі «ов, ев, ич, ова, ева, овна, евналардың да» сыры осы. Бүгінгі орыс тілді билік иелерінің  Қазақтың Ана тілінің мемлекеттік тіл болып жарияланғанына ширек ғасыр болса да, бүгінгі қазақтың өз ата-тегін түгендеуін ұйымдастыруға да шамалары (ақылы мен білімі) жетпеуде.

         Бұны бүгінгі Қазақстан билігінің Қазақтың ұлттық идеологиясын мойындамайтынының айқын көрінісі дегеннен басқа лажымыз жоқ.

         Қазақта «Үлкен ұл тақ мұрагері, кенже бала қарашаңырақ иесі». Бұл Атам заманнан бергі бұлжымас қағида. Осы қағида бойынша Қазақ бүкіл әлем елдерінің қарашаңырағы, қазақтың қарашаңырағы кіші жүз, оның қарашаңырағы он екі ата Байұлы, оның қарашаңырағы Адай, Адайдікі Мұңал болып табылады (Әлемге әйгілі, ЮНЕСКОмен соңғы екі мыңжылдықтың ең ұлы тұлғасы, деп мойындалған Шыңғыс қағанның тегі осы). Шежіре деректеріндегі бұлардың ең соңында тұруы тек қана осыны білдіреді. Бұған басқаша түсінік бере алмайсың. Адайлардың өздерінің ас-садақаларында өздерінен басқа рулардың бәріне «аға баласы» деп арнайы шапан жабатындарының сыры осы. Ешбір ру Адайға шапан жаппайды. Себебі, қазақтың ата салты бойынша шапан ініге емес, тек қана ата мен ағаға жабылады.

         Түсініктеме: Жасы кішіге шапан жабылатын бір жағдай бар, ол өзі жас болса да, ақылымен, білімімен, елге сіңірген адал еңбегімен, адами ұлы қасиетімен Ел ағасы деп мойындалған жағдайда. Бір өкініштісі, біз қазір «Ата шапанды» кім көрінген «келімсекке» жауып, ойыншыққа айналдырдық.

         Шапан – қазақтың аса қастерлі ұлттық киімдерінің бірі. Аталарымыз аса қадірлі қонақтарына ат мінгізіп шапан жапқан. Шапанды ер адамдар да, әйел адамдар да киеді.

         Шапан – Ап, Апа, Шап, Ан, Пан, Апан деген біріккен сөздерден тұрады. Тағы бір мағынасы Ш-апа-н – Шанның (Санның) апасы. Шан (Шана, Сана) сыртын да, Апа ішінде. Қазақтың көптеген сөздері осылай жасалады. Мысалы, Қ-аға-н (Хандардың ағасы), Садақ (Сақтардың атасы), Сабақ (Сақтардың апасы), Сенек (Сақтардың енесі), Қабар (Қ-аба-р) Қардың (Ақиқаттың) апасы (қар мен ақ синоним) т.т. болып кете береді. Сөз түбірі Апа. Өздеріңіз көріп отырғандай бұл киімнің авторы Апа (Ана). Осы бес таңбадан тұратын бір ауыз сөзде Ана сөзі үш рет қайталанады. Біріншісі Апа, екіншісі соңғы буындағы Ан (Ана), кәдімгі Ман атамыздың ішінен шығатын Ана, үшіншісі Шан (Сана). Аталарымыздың сүйреткен шанасы (орыстардың Санкасы) осы. Үш аса қасиетті сан. Бұл Қосай атамыздың лақап аты. Демек, бұл киім атауы Адай шежіресіндегі «Үш аналы қазақ» ұғымына толықтай сәйкес жасалған. Ана сыйласаң осылай сыйла, тарих жазсаң осылай жаз! Бұдан асқан даналық болуы мүмкін бе?

          Шапан демекші, біз Атам Қазақтың ең қастерлі Ата шапанын қазір ойыншыққа айналдырдық.

         "Анасы – кәріс, әкесі – орыс Геннадий Головкин де өзін "қазақпын" деп жүр" делінеді барлық Қазақ басылымдарында.

          Меніңше, Ол өзін Қазақстан азаматымын деп жүрген жоқ. Дәлел ме:

          Біріншіден, күні бүгінге дейін  оның еш жерде Қазақстанның "Ән ұранын" шырқағанын ешқашан көрмеппіз. Демек, GGG-де Қазақстанға деген ешқандай патриоттық сезім жоқ. Талай жарыстарда бәйге алып, Көк байрақты желбіреткен өзге азаматтардың арасынан дәл ГГГ сияқты аузы бұртиып, үнсіз тұрған  қазақ баласы болған емес. Бәрі де жүрегі жарылардай болып қуанып, көздеріне жас алып тұрып шырқайды.

         Екіншіден, ол Қазақтың Ата Шапанын да   "келемеж" қылып жүр. Сан мыңдаған жылдардан бері ешқашан өзгертілмеген Қазақтың ұлттық ою-сызбасын  "GGG"-мен ауыстырған. Бұған тыйым салу керек. Себебі, күні ертең-ақ кейбір фанаттардың бұны әдетке айналдыруы әбден мүмкін. Азаматтар! Ұлттың ата шапанына бұлай қиянат жасауға болмайды.

         Үшіншіден, ол Қазақстанда туылса да (31 жаста) әліге дейін оның мемлекеттік тілде бір ауыз сөйлегенін көргеніміз жоқ. Демек, ол Қазақстанның мемлекеттік тілін менсінбейді.

         Төртіншіден,  22 ақпан 2015 жылғы  Монакода өткен М.Мюрреймен болған сайыста, Қазақстанның көк туын «жеңіл» киінген қыз бала ұстады. Қазақ-қазақ болғалы қандай жағдай болмасын Қазақтың туын тек айбынды, елге танымал батырлары ұстаған. Қазақ ешқашан туын әйел баласына ұстатпаған. Ежелгі салт бойынша сол жерде Қазақтың Көк байрағын Серік Сапиевтің өзі ұстағаны дұрыс  болар еді. GGG-нің арқасында Қазақтың Көк байрағында, ойыншыққа айналдырдық.

          Жарайсың Гена деп мақтанғым-ақ келеді. Бірақ, қор болған ұлттық салтымды, айтылмаған «Ән ұранымды» көріп отырып менің олай,- деуге аузым бармай отыр.

         Ең бірінші болып Адам ата мен Ауа ананың тілі шыққаны санасында саңлауы бар жандар үшін дауға жатпаса керек. Маңғыстау халқының «тіл таңбалы Адайлар», Тау би, Көп би және Қас би (Каспий) деп аталатынының сыры осы. Ұлы Жаратушының алғашқы жаратқан адамдары осы біз сөйлеп жүрген тілде, яғни қазақтың Ана тілінде сөйлеген.

        Қазіргі Адайлар, сол ежелгі Адтар, Мандар, Күн (Ғұн), Сақ, Массагет пен дайлар мекендеген Манқыстау мен Үстіртті күні бүгінде де мекендеп отыр. Бүкіл жер бетіндегі Адай ата ұрпақтарының атамекені Манқыстау болып табылады.

        Адам атамыздың аты қасиетті Құран-Кәрімде айтылатын ең алғашқы мәдениетті дүниеге әкелген Ад қауымы мен Амазонкілер аталған қауым атының алғашқы буыны менен де сәйкес келуі бекерден-бекер емес. Қазір біздер Амазонкілер десек, көз алдымызға бес қаруын асынған жауынгер әйелдер елестейді. Бір кездері әйел-аналардың да қазіргі ер-адамдар сияқты қоғамда жетекші роль атқарып, ол тарих ғылымында «матриархат» кезеңі деп аталған. Біз бұл жерде «Адам» сөзіндегі «Ад» түбірінің бірінші тұрғанынан ер адамның алғашқы және жетекші тұлға екендігін және «Адам» сөзінің «Ата - Ана» деген де мағына беретінін көреміз.

        Адай Ата есімі де тура осындай «Ата-Ана» деген мағына береді. Ад атаң, Ай анаң. Әйелдің ерге, Айдың жерге (сөз түбірі ер) серік болатыны осы.

        Ай демекші, аспандағы Айға - Ай деп атау бергендер де осы Маңғыстаулық Адайлардың Ата-бабалары. Адайдың «бес жүйрігі» атанған жыр дүлділдерінің бірі Ақтан Керейұлы (1850-1912):

«...Мен Адайдың Ақтаны

...«Сөйле» десең жыршыңыз

Алдарыңда жортақтар.

Туған айға ат берген,

Ақ қағаз бен хат берген

Екі ерін мен тіл-таңдай

Сөйлесін деп жақ берген.

Айтқан сөзге түсінбес

Адамның мыйсыз ақымағы», – деп жырлауының сыры осы (Жыр-дария «Маңғыстаудың ақын жыраулары» Ақтау-1995. 159 бет);

        Маңғыстау қорымдарындағы көптеген құлпытастарда (ері мен әйелі бірге жерленгенде) Жебе мен Айдың бейнесінің бірге салынатынының да сыры осы. Өздеріңіз көріп отырғандай Жебе Адайлардың таңбасы, Айымыз сірә Ай. Бұл екі таңбаны қосып оқысаңыз Ата мен Ана, яғни Адай деген ұғым береді.

        Ежелгі шежірелердегі рулардың бәріне таңба үлестіретін Оғыз қағанның есімінің де «ер мен әйел» деген мағынасы бар. Оғ (Оқ, оғлан, ұл, ұлан), Ғыз (қыз).

        Көптеген зерттеушілер Оғыз бен Адайды синоним деп тұжырымдайды. Бұл жерде синоним дегеннен көрі, Оғыздарды Адайдың ұрпағы дегеніміз дұрыс. Себебі, Оғыздардың тегі Адайдың жетінші немересі Тобыштан тарайды. Тоғыз саны Тобыштардың сандық атауы. Ал, тоғыздың сөз түбірі Оғыз болатыны осыдан.

«Түріктен өрбіген елді тоғыз дейді

 Тартатын күй аспабын қобыз дейді

 Башқұрт пен қазақ, ноғай, қарақалпақ

 Төртеуін шежірешілер оғыз дейді» (С.Сыпатайұлы «Алаш, үш Жүз һәм Қазақ»).

         Адам Атамыздың лақап аты «Сафиоллаға» келсек, қазақта Сафи сөзі ең таза, күнәдан пәк деген ұғым береді. Сафидің сөз түбірі Аф (Ап), бұл апа (ана) деген мағынаны білдіреді. Қазақтың жаңа туған нәрестені Сәби (Сафи) дейтіні осыдан. Африка халықтарының шығу тегі де осы. Дәлелі біз күні бүгінде де қоспасы жоқ таза алтынды «саф алтын» дейміз. Бұл «Ал-шын» мен «Ал-тын» сөзіндегі «Ш» мен «Т» әріптерінің ауысып қолданылғанын бағамдасақ, алтынның тот баспай, сүрткен сайын үнемі жарқырап тұратынына байланысты, алғашқы түп атамыз Алшын атамыздың аты қойылған. Демек, Алтын атауында, Алшынның авторлық құқығы сақталып отыр.

         Бұл тұжырым тарихи деректермен де толықтай сәйкес келеді.

         Бүкіл жапанды жалмаған Топан судан кейін Нұқ пайғамбар мен оның Аллаға иман келтірген  азғантай қауымы Қазығұрт (Қазық жұрт) тауының маңында, яғни қазіргі қазақ даласында сан ғасырлар бойы ғұмыр кешті. Кейіннен, бірнеше ғасырлардан кейін оның ұрпақтары көбейіп, Нұқтың үш ұлының елі үш жаққа: үлкені Қам қазіргі Үндістан жеріне, ортаншысы Сам Иран, Араб жеріне, ең кішісі Иафес атасының бұйрығымен солтүстікке (Еділ мен Жайық өңіріне) кетті. Ал, Нұқтың өз елі  Ата жұртта (Қазық жұртта),  яғни Қазақ даласында қалды. Ол кезде бүкіл жер бетінде қазық жұрттан (Қазақтан) басқа ел болмайтын. Олар осы біз сөйлеп жүрген Қазақтың Ана тілінде сөйледі. Ең алғашқы Қазық жұрттан (қазақтан) енші алып бөлінген Нұқтың үлкен ұлы Қам болды. Одан Қадам (Қ-ада-м) - Қам Ата деген cөз қалды. Олар Ата жұрттан бөлініп, бөлек ел болуға алғашқы қадам басты.

          Атам Қазақтың сөздік қорында Қаз-қатар (қатар-қатар, яғни бірінен кейін бірі, бір адамның немесе бір заттың  бірінің артынан бірі тіркесіп тұруы, немесе қойылуы) деген сөз бар. Бұл күнделікті өмірде қолданыста жүргені. Ал, бұл сөздің негізгі мағынасы ең бірінші болып дүниеге Қазақ елі келді дегенді білдіреді.  Қатардың алдында ең бірінші болып Орыс, Қытай, Өзбек, Қырғыз, Түрікпен, Ебрей не т.б. емес, Қаз сөзінің тұруы тек қана осыны білдіреді. Өзгеше мағынасы болуы еш мүмкін емес.   Осы сөз тіркестері сөз түсінген адамға бүткіл әлем елдерінің қазақтан кейін тіркесіп, бірінен кейін бірінің дүниеге келгеніне толықтай куәлік ете алады. Қаз қатардың тағы бір мағынасы бар. Қатар - Ақиқаттың  атасы (Қар мен ақ синоним), Қаз қатар – Қаз ақиқаттың атасы деген сөз. Бас таңбасы «тіл», өзгелер Қас би (Каспий) деп атаған Қазақ қағанатының сөздік қорында  дәл осындай «құпия» мағынасы бар сөздер баршылық. Олар:  Садақ (С-ада-қ) – Сақ ата (Сақтардың атасы), Санақ – Сақ ана, Сабақ  - Сақ апа, Сенек – Сақ ене, Сағақ – Сақ аға (Су ақпайтын ба еді сағадан, Сөз басталмайтын ба еді ағадан),  Қаған – Хандардың (барлық) ағасы т.т. болып жалғасып кете береді. Бұл жерде сөздің атасы, анасы және ағасы сөздің ортасына орналастырылған және сонымен қатар авторлық құқық сақталып тұр. Сөз жасасаң осылай жаса. Тарих жазсаң осылай жаз. Бұдан асқан даналық болуы мүмкін бе?

       Осы айтқанымызға толық куәлік ете алатындай, Атам Қазақ та «Қаз-қалпында» деген тағы бір сөз бар. Қаз-қалпында - айнымай алғашқы бейнесінде қалу. Бұл ең алғашқы мемлекет қазақ мемлекеті деген сөз. Барлық әлем елдерінің мемлекеттік құрылымы басында қалай болды, күні бүгінде де ештеңе өзгермей сол күйінде қалды, яғни бүкіл әлем елдері мемлекет құруды бізден үйренді деген сөз. Қазақ елінің «Мәңгілік ел» деп аталатынының сыры осы. Егер кімде-кімнің осыны түсініп, мойындауға шамасы жетпесе, онда сенің басыңның ішіндегі миыңның орнында, ми емес су болғаны. Ежелгі қазақтардың орынды сөзге түсінбеген жандарды «Өй, Су ми!» деп ұрысатындарының сыры осы.

       Арадан тағы талай ғасырлар өтті. Самның елі де осы өңірде «есейіп, ер жетті». Олардан да осы Сам атамызға қатысты көптеген топонимдер қалды. Маңғыстаудың Бейнеу ауданына қарасты үлкен көлемдегі құмды аймақ күні бүгінде де Сам құмы деп аталады. Сонымен катар Адайда Сам деп аталатын ру да, адам аты да бар.  Мұңалдың (Адайдың кенжесі) Шоғыдан тарайтын бір тармағы Сам деп аталса, Шоңайдың Даң атты ауылынан Сам есімді әруақты би шыққан. Сол атамыздан «Хан төрелігі бұзылса да, Сам төрелігі бұзылмас» деген мақал қалған. Маңғыстау атауындағы «Манның» түпкі мағынасы «Адам». Шындығында, Ман Адам атаның ұрпағы, яғни топан судан кейінгі олардың жалғасы. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы үш мың жылдықтан әрі де осы өңірде өмір сүрген арий халқының рулық аймағының аты осы түп атамыздың атымен Ман деп аталған. Қазақ та «Түгел сөздің түбі бір, Түп атасы Майқы би» деген мақал бар.

      «Қазақтың аты аңызға айналған Майқы биінің әкесінің аты Ман делінеді» (Қазақтар. 2 том. Алматы. 1998. 49-б.).

       Қазақ та адам баласының ең алғаш қолға үйретілген үй жануары сиыр мен сиыршының пірін (ұстазын, үйретушісін) Зәңгі баба демеуші ме еді. Аталарымыздың айтып жүрген Зәңгісі, осы бүгінгі Африкалықтар (негрлер).

       Кез-келген заттың (құдықтың, өзен, теңіз, мұхиттың, ыдыстың, тіпті бәрі-бәрінің) түбі болатыны сияқты, Адам баласының  да түп аталары, соған сәйкес олардың атауларында да сөз түбірі (өз түбі) бар. Бұл қағида сонау түп атамыз Адам атадан бері қолданылып келеді. Қазақта «Орынды жерінде айтылмаған сөздің атасы өледі» деген мақал бар. Демек, сөз де ата да бар, ана да бар. Сөздің атасы сол сөздің түбірі, ал анасы «тіл». Тілің болмаса сөйлей алмайсың. Бұл тұжырымға қазақтың ана тілінде сөйлеу, қолдану (жазылу) ережесін білетін барша азаматтары тоқтауға тиіс. Бұған тоқтай алмасаң, онда сенің білім деңгейің «бақшадан» шығып, әлі мектепке бармағаның. Немесе, Дарвин ілімін басшылыққа алып, маймылға бала болғаның.

        Жер бетіндегі барлық атауларды ең бірінші адамдар бірі-біріне қойған. Содан өзге атауларға ауысқан. Қазақ тіліндегі бірнеше миллион сөз түбірінің бәрі адам аттары, яғни сол ұғымдардың авторы.

        Ең алғашқы адамдар, рулар мен тайпалардың аттары бір, екі, үш әріптерден құралатын қысқа сөздерден басталып, кейіннен адамдардың сана-сезімі ұлғайып, сөздік қорлары молайған сайын қысқа  түбір сөздердің алды мен артынан әртүрлі жұрнақтар мен жалғаулар жалғанып ұлғайып отырған.  Мысалы, А, Ан, Ман, Ана, Мад, Май, Майқы,  Манан, Манас, Манашы, Манқыстау, Жаман, Жамандық жасамау,  Жаманаттасу, Жаманаттаспау;  Ад (Ат), Ада (Ата), Адай (Атай), Адам (Атам), Адай Ман (Атаман);  Әз (Аз), Әзіз, Таз, Қаз, Қазы, Қазар, Қазан, Қазақ, Қазақия, Қазақстан; Ар, Арыс, Арий, Арап, Парсы; Ақ, Сақ, Тақ, Бақ, Ақпан, Ағарыс, Ақиқат т.т. болып жалғасып кете береді. Бұл атаулардың қай-қайсысыныңда сөз түбірі, сол атаулардың шыққан тегін білдіреді, яғни сол сөздегі түбір атау сол елдің түп атасы.  Бұл жерде айрықша атап өтетін жағдай, сөз құрамының күрделі болып, өте көп дыбыстардан құралуы сол тілдің сөздік қорының өте бай екендігін, және сонымен қатар ол елдің ең алғашқы ел екендігінің айқын дәлелі бола алады. Мысалы, біздің сөздік қорымызда: Жаманаттасу, Жаманаттаспағандықтан, Қанағаттану, Қанағаттанбағандықтан, Қанағаттандыралмағандықтандағы деген сияқты өте көп дыбыстар мен буындардан құралатын сөздер бар. Сөз құрамының күрделі болуы сол елдің сөздік қорының өте бай екендігін білдіреді.  Қазақтың сөздік қорында 20 000 000 астам сөз түбірі бар делінеді. Салыстыру үшін еске сала  кетейін 1980 жылғы санақ бойынша ағылшындар 250 000, қытайлар 500 000 сөз түбірін жинай алған.

       Ең бірінші сөзінің есебі (шегі) жоқ авторлық құқық Ұлы жаратушы – Алла да, екінші «авторлық құқық» Қазақ та. Бұл күмәнға да, дауға да жатуға тиіс емес.

       Қазақтың күрделі сөздерінің бәрі қысқартылған сөздерден құралады және сол атаудың сөз түбірі  сол атаудың негізінің қайдан шыққанын білдіреді.

       Ман Ата. Сөз түбірі Ан (Ана). Анамыздың есімі Ман атамыз есімінің ішінен шығады. Шежіреде де дәл солай. Ұлы Жаратушы - Алла Анамызды Атамыздың қабырғасынан жаратыпты делінеді. Ары қарай Ата мен Ана жайлы деректерде, оларды екі бөліп атап Адам (Ад-ам, Ад және Амазонкілер),  Ата-Баба (Ата және Апа (Баба), Адай (Ад-Ай) - Ай (Әй) Бай мен Бәйбіше сөзінің түбірі. Ай аналық текті білдіреді. Ғарышта Ай жердің серігі, жерде Ай (Әйел) ердің серігі. Ад ата, Ай ана болып тұр. Оғыз – Оғ (Оғлан (Ұлан) және қыз. Аташ (Ат-Аш) – Ат (Ад) және Аш (Ашурлер, Ашиде, Ашөйде аналық текті білдіреді). Алаш (Ал-Аш)  - Ал (Әл) (алғашқы  Ата, Алғидың даласы, Әл, Әли (Әлді, Әлсіз). Ал (Әл) алғашқы аталық тек, ал Аш жоғарыда көрсеткенімдей аналық текті білдіреді. Арап – Ар (Арыстар) аталық, Ап (апа) аналық текті құрайды. Араптарды Адай шежіресі Арапа деп жырлайды.

              «Ақан таудың етегі

              Арапа бізге болсын деп

              Алты тақта араптан

              Әжі барып дәм татты» (Cүгір жырау Бегендікұлының (894-1974) «Шежіре жыр» дастанынан үзінді).

         Біздер Адам Ата мен Ауа Ананы – Ата мен Ана деп, аса құрметпен атасақ, оларда ондай құрмет көрсетілмейді. Жай ғана «ауыл-үйдің тентек баласы» сияқты Адам и Ева делінеді.

        Тарих тағлымы: Қазақта (Азияда) ата мен ананы ешқашан бөлмейді, екеуі үнемі бірге жүреді, екеуіне де құрмет бірдей көрсетіледі.  Ал батыс (орыс) байынан айрылған әйел сияқты, Атаны (Азияны) аузына алмайды, біздер Еваның ұрпақтарымыз,  маймылдан тарадық дейді. Олардың ата-аналарын бақпай, қарттар үйіне тапсыратындарының негізі осы жерден басталады. Шынында да, анаң сені «маймылдан» тапса, оларды  қалай бағарсың. 

        Манның сөз түбірі «Ан» - ның пенде, тірі жан, яғни санасы толық жетіспеген дегенді білдіретін де мағынасы бар. Бұған қазақтың Ан мен Аңы дәлел. Осыған сәйкес «Ан», «Аң» түбірінен Ана, Анам (анам менің), Анда, Аңшы, Аңқау, Аңдау, Аңдамау т.т. мағыналары осыған жақын сөздер туындаған. Демек, Ман атауы таза қазақ сөзі. Алғашқы адамдар, яғни Адам ата мен Ауа ана бүгінгі біз сөйлеп жүрген қазақтың Ана тілінде сөйлеген.

         Осы «Ан» түбірінен көне, ежелгі деген мағына да, бүкіл әлем елдерімен қолданылатын «Антик» сөзі дүниеге келді. Батыс ілімі Антик дүниесіне тек қана ежелгі Грекия мен Рим мәдениетін жатқызып жүр. Олардың тұжырымынша, бұлардың негізін қалаушылар ежелгі гректер делінеді. Олар өздерін «Елдіктер» (Эллиндер), ел атауын Ел Ада (Эллада) деп атады. Шындығында олар сол өңірге кезінде осы қазақ даласынан кеткен. Оған дәлелге олардың өздерін Елдіктер, елін Ел Ата, мемлекетінің атауын Грекия деп атаулары жарап жатыр. Гректің сөз түбірі «Ек (Екі)», бұл қазақтың лақап аты. Біздің сөздік қорымыздағы Ек, Екі, Еке (әке), Тек, Теке, Меке, Сенек атаулары сол кезеңдерден қалды.

         Ал, Адай Ата есімінің шығу тегіне келсек:

         - Адай (м) – А, Ад (Ат), Ада (Ата), Ай, Дай (Тай), Адай (Атай), Адам (Атам) болып шығады.

         А - дыбысы Алып бидің де (әліппе), сонымен бірге барлық дүниенің де бастауы. Мысалы, Алла, Ата, Аға (Аллатағала), Ана, Апа.

         Ад – алғашқы Адам, соған сәйкес қауым атауы. Ат – а. алғашқы адам есімі (атың кім?); б. Қолға үйретілген, мінетін ат. Мақал «Ат – ердің қанаты». Ад қауымы алғашқы адамның да, адамға серік болған мінетін аттың да авторы.

         Ада – а. Ата. Иә, иә кәдімгі қазақ баласының күнделікті аузынан тастамайтын Атасы, яғни әкеңнің әкесі; немесе өз атаңнан бастап сонау Адам атаға дейінгі барлық аталарың; ә. Арал. Ең алғашқы, тіпті бергі (Нұх пайғамбар кезеңі) бүткіл жер бетін су басып жатқан кезде алғашқы құрылыққа (Жуды тауына, яғни Қазығұртқа (Қазық жұртқа)) қадам басқан сол аталарымыз болатын. Қ-ада-м деген сөздің де түбірінің Ата болатыны осы; б. Ада. Ада болу - көп аталардың (Адамдардың) бір адам болып азаюы, немесе кез-келген заттың таусылуы. Қадам – Қам ата Нұх пайғамбардың үш (Қам, Сам (Шам), Иафес) ұлының үлкені. Атасынан (қазық жұрттан) бөлініп, өзге өңірге алғашқы қадам жасаған солар болатын.

         Ай – Анаң. Әйелдің сөз түбірі Әй (Ай). Әйел (Ай мен Ел) «Әй ел болайық». Әйел ердің серігі, Ай жердің серігі.

         Дай – а. Адам ата ұрпақтарының ру-руға, әртүрлі елдер мен мемлекеттерге бөліну кезеңін көрсетеді. Тарихтағы Дай – Массагет (Дай-Дахи) аталғандар осылар. Дай-дай болып айтысу, Дай-дай бөліну, тіпті керісу мен ұрысу да солардан қалды. Ә. Тай. а. Жылқының тайы, ә. бүгінгі Алтай өлкесі атауының шығу тегі осы.

      - Бүгінгі ғылыми айналыста алғашқы адамдар Алтайда өмірге келіп, әлем мәдениеті сол жерден тараған делінеді. Олай емес екенін Алтай деген атауынан да анық көре аламыз. Бұл мәселені бізге шешіп беретін де осы сөздің өзі. Алтай қысқартылған сөз. Мағынасы Алғы (алдыңғы, алғашқы) тай. Ал Тай болса жылқының екі жасар құлынының атауы. Тайдың алдында Құлын (құлыншақ) мен сол құлынды дүниеге әкелген Байтал мен Айғырдың бар екеніне менімен ешкім таласа қоймас. Олардың бәрі Маңғыстауда дүниеге келген. Ат (қазан ат) деген атау Ад қауымының аты. Бүгінгіше айтқанда «Авторлық құқық» сақталып отыр. Алтай ата емес. Бұл есімге ата сөзі қосылып айтылмайды. Бірақ, сөз құрамындағы Ал (алғы, алғашқы) түбіріне қарап Алдыңғы алты елдің (Алашқа жатқан алты елдің) мекені екенін көреміз.

        Tағы бір мағынасы алты Ай. Алты санының Балықшы атамыздың лақап аты екендігін ескерсек, бұл ұғымның негізгі мағынасының Балықшы Адай екендігін көреміз. Балықшы Адайда бірінші бола алмайды. Себебі, Балықшы атамыздың алдында Адай (м) атамыз, оның екі баласы және төрт немересі бар. Ежелде қаланы балық деп атаған. Мысалы, қазіргі Пекинді (қытайдың астанасы) біздің аталарымыз Ханбалық деп атапты. Енді осының қасына Баласағұнды да (Балықшы Сақ Күн) қосы қойсаңыз тіпті де жаңылыспайсыз.

     - Екінші нұсқа да Үнді Арийлер делінеді. Бұл да жоғарыда көрсеткенімдей алғашқы бола алмайды. Үндінің сөз түбірі - үн. Иә, иә кәдімгі дауыс. Себебі, үн өз-өзінен шықпайды. Оның алдында үнді шығаратын тіл бар. Ең бірінші болып Адам (Ман) атамыздың тілі шыққаны ешқандай дауға жатпаса керек. Ал, тіл болса Адайлардың таңбасы. Бүкіл әлемнің «Тіл таңбалы Адайлар» дейтіндері осы. Бұлар бүгінгі Адайлардың Адам - Ман  аталарымыздың қарашаңырағы екендігін білдіретін басты дәлелдердің бірі.

     - Бүкіл жер бетінде тек қана қазақ халқы өз тілдерін Ана тілі деп атайды. Ананың сөз түбірі «ан» мен Манның түбірлес болатыны осы. Қазақтан өзге елдер өз тілдерін Ана тілі деп атамайды. Барлығы туған (родной) тіл дейді. Олардың өз тілдерін Ана тілі деп атауға құқықтары жоқ. Бұл Манқыстаудағы Адам атамыздың және оның қарашаңырағының иелері Адайлардың «авторлық» құқы. Оны мойындайық, мойындамайық одан ештеңе өзгермейді. Ешкім бәрібір аталарымыздың «авторлық құқын» тартып ала алмайды.

      - Әйгілі Нұх пайғамбардың кемесінің қалған жерін кейбір «білгіштер» Араратқа теліп жүр. Ақиқатында кеменің қалған жері Қазығұрт тауы. «Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол әулие болмаса неге қалған» деген тарихи дерек сан мыңдаған жылдардан бері айтылып келеді. Қазіргі Қазығұрт тауы орналасқан Оңтүстік Қазақстан өңірі де ежелгі Адай Қазақтардың  қыстауы. Алайда, ол жердегі атауларға «қыстау» сөзі қосылмайды. Себебі, ол алғашқы емес. Жаз жайлауда тұрақты бола алмайды. Тұрақты мекен қыстау. Мандардың                 (Адайлардың) тұрақты мекендерінің Манқыстау аталатыны осыдан.

     - Әлем елдері алғашқы адамды тек қана екі есіммен Адам және Ман дейтіндері осы. Ман атаның атын Манқыстау ұстап отырса, Адам атаның атын Адай ұстап отыр.

        Қазіргі «Адамзаттың атасы маймыл, адам маймылдан жаратылған» делінетін Дарвиннің сандырақ ілімін басшылыққа алып, шынымен де «маймылға» бала болуға жақындап жүргендерге айтарым, бұл шындықты бүгін мойындамасаң, ертең мойындайсың; ертең мойындамасаң, арғы күні мойындайсың; арғы күні мойындамасаң, оның арғы күні мойындайсың. Атам Қазақ сол үшінде «Ат айналып қазығын табар, ер айналып елін табар» шегелеп айтып кеткен. Атам Қазақ өз тарихын бір ауыз сөзбен жазған. Бір ауыз сөзге тоқтаған. Жаудан (қылшылдаған қылыш пен солқылдаған найзадан) қайтпаса да, бір ауыз сөзден қайтып сан мыңдаған жылдар бойы ғұмыр кешкен.

         Алтайда Онғыдай деген топономикалық атау бар. Оның себебі, Алтай біріккен сөз. Толық мағынасы Алдыңғы (алғы, алғашқы) Дай болып оқылады. Тарих та Дайлар (Дай-дахи, Массагеттер, бұл баяғы Кирдің басын торсыққа салып, қақпаға іліп қоятын Тұмар ханымның елі) деп аталған, Ұлы халықтың болғанын тарихтан шамалы да болса хабары жандардың бәрі білсе керек. Сол Дай ешқайда жоғалып кеткен жоқ. Бар-жоғы Дай деген сөзіміздегі "Д" дыбысы "Т" деп оқылады. Алтай сөзінің шығу тегі осы. Мұны Маңғыстауда білмейтін адам жоқтың қасы. Бұл бізде екі сөздің бірінде қолданылады. Мысалы, Ад - Ат, Адай - Атай, Адам - Атам, Дай – Тай, Мадай - Матай т.т. болып кете береді. Бұл қағида қазақ та тек қана "Д" мен "Т" дыбысына қатысты емес, қазақ та мұндай мысалдар өте көп. Соның ең негізгісі Манқыстау (Мандардың қыстауы) - Манғыстау (Маңғыстау) болып айтыла да, жазыла да береді. \

        «Мұңалдың құпия шежіресін де» айтылатын Шыңғысханның бала кезден үш рет анттасып дос болған, кейіннен сол өңірдегі 13 тайпа елдің барлығы бірігіп хан сайлаған Жамуқаның тегін Тайшуыт демеуші ме еді. Сол Тайшуыттың да (Дайжуыт) толы мағынасы Дай жұрты. Жамұқаның тегі Тобыш. Бұл Адайдың тоғызыншы ұрпағы. Сол шежіре де Жамұқаның руы Жажир Адай – Жадыран деп айқын көрсетілген. Жадыран атты ру Адай шежіресінде Тобыш-Ораз-Алып-Шегем-Бабық-Жұмағұл-Ұлғай-Бодат-Жадыран болып таратылады. Бұл баяғы Ү ғасырдағы Римге дейін билігін жүргізген Еділ (Еуропада Аттила деген атпен белгілі) патша шыққан ел. Сол Аттиланың тікелей ұрпақтары Маңғыстау да Қараш деген ру атымен күні бүгінде де ғұмыр кешіп жатыр. Сол жердегі тайпалардың Шыңғысханды хан сайламай, Жамұқаның сайлағандарының да сыры осы. Тобыштар Адай (м) атаның тоғызыншы буын ұрпағы. Шыңғыс қаған туының тоғыз шашақты болатынының да сыры осы.

         Ал, Мұңал (Монғол) бұл Адай (м) Атаның оныншы буын ұрпағы. Ол жердегі Онғыдай деген топономикалық атаудың болатын себебі осы.

         Адай (Ада-й). «Й» дыбысы Атаның ұрпағы, баласы, яғни ең кенжесі, «қарашаңырағының» иесі деген мағына береді. Ежелгі ұлы аталарымыздың өз тектерін: Қожа Ахмет Иассауи, Ахмет Иугінеки, Әл-Фараби, Әлішер Науайи, Фирдауси (Шахнама), Әбдірахман Жәми (парсы-тәжік әдебиетінің классигі),   Қадырғали Жалайри,  Жары Адай,  Мұстафа Шоқай, Ғабдолла Тоқай, Әнес Сарай, Ислам Жеменей, Ордалы Қосай т.т. деп жазып жүргендерінің сыры осы.

         Адам (Ата-м). М - тәуелділік жалғау. Қазақтың сан миллиондаған сөздерінің бәріне де Өз атаңнан бастап сонау ең түпкірдегі Адам атаға дейінгі Аталардың (Адамдардың) барлығы менің атам. Ата – бабаларымыздың бір-бірін құрметтегені соншалық кез-келген жанды Адам, яғни Менің атам деп атап отыр. Қазақтың сан миллиондаған сөзіне «М» дыбысын қоссаң бәрі менікі деген ұғым береді. Атам, атамекенім, елім, жерім, айым, күнім, жұлдызым т.т. болып кете береді.

         Ал, Адай ма, әлде Адам ба, қайсысы бұрын дүниеге келді деген сұраққа жауап іздесек, Адам деген ұғым Адайдан кейін келген деп батыл тұжырым жасай аламыз. Себебі, Ата (Атам, Атам менің) атануың үшін міндетті түрді сені Ата деп атайтын немерең (ұрпағың) болуы шарт. Атаға жалғанған «Й» дыбысының баласы, ұрпағы деген мағына беретінін жоғары да айтқанбыз. Ата шежіренің Адам ата шежіресі делінбей Адай шежіресі делінетінінің сыры осы. Бұл тұжырым күмәнға да, дауға да жатпауға тиіс. Себебі, ең бірінші болып Атасының шежіресін жазған  немересі (Сөз түбірі «Ем») болатын.

         Бұл қазақ Алып биінің (әліппесінің) сандық жүйесінде де осылай берілген. Адам 1-6-1-15 болса, Адай 1-6-1-11 санын құрап, Адамнан бұрын тұр.

         Өздеріңіз көріп отырғандай бар жоғы төрт-ақ дыбыстан тұратын бір ауыз сөзге Адай (м) ата, (Ман) ата ұрпақтарының 70 000 жылғы тарихы түгел сыйып кеткен. Бұдан асқан даналық болар ма? Міне біздің аталарымыз тарихты бір ауыз сөзбен осылай жазған. Сөз жасасаң, осылай жаса. Тарих жазсаң, осылай жаз! Осындай етіп сөз жасау мен тарих жазу жер бетінің еш бір елінде болып көрмеген. Бұл тарихтың қасында, қазіргі кітап, компьютер дегендерің түкке де тұрмайды. Нұқ пайғамбар заманы сияқты «бір топан су» (бетін аулақ қылсын) өтсе, олардан ештеңе де қалмайды. Ал, қазақтың бір ауыз сөзбен жазылған тарихы ешқашан өлмейді.

      - Ад қауымы бүкіл адамзат баласының Атасы. Атам, Адам және Адайдың сөз түбірі Ат пен Ад болатыны осы. Бұл атаулардың «авторлық құқығы» Ад (Адай) атамыздікі. Сөз түбірі жаңылыспайды. Атаң да, Ат та ең жақындықты білдіретін ұғым. «Ат ердің қанаты» (мақал). «Есімің кім» дегеннің орнына да «Атың кім» дейміз. Ал «Ад»- қа келсек, ежелгі шежірелердің бәрінде, Құран Кәрімде де Ад қауымы деп жазылған. Бұл біздің бала кезімізден бәрімізге таныс «Алғашқы қауымдық құрылым» деген сөз. Осы қауымдық құрылым, адамзат қоғамының әр-түрлі даму сатыларынан өтіп барып, елге, мемлекетке айналды. Осы алғашқы елдің аты, осы елдің (рудың) атасы Әз (Аз) атамыздың атына сәйкес Аз, Азар, Азақ, Азық, Азия, Азау, Азаулы, кейіннен Қаз, Қазық, Қазар, Қазан, Қазақ, Қазақия, Қазақ ССР-і, Қазақстан деп аталып бүгінгі күнге жетті. Өздеріңіз көріп отырғандай Ад пен Ат-қа «а» әрібін жалғасаңыз, бұл күнде немереден басталатын ұрпақтың аузымен айтылатын өзіміздің Ата (Ада) деген сөзіміз шығады да, Ада-ға «й» әрібін жалғасақ, бұл керісінше жоғарыда көрсеткеніміздей баласы, ұлы, ұрпағы деген мағына береді.

         Менің бұл келтірген тұжырымыма Қытай қазақтарының «балапан», «бала», «перзент», ауыспалы мағыналары «аяулы», «ардақты» деген сөздердің орнына Адай сөзін қолданатындары толықтай дәлел бола алады.

         «Адай (ҚХР) 1.балапан, Ауыспасы, бала, перзент. 2. Аяулы, ардақты» («Диалектологиялық сөздік» Арыс баспасы. Алматы. 2007, 23 бет).

          Қазіргі Хақас тілінде Адай – Құмай Тазы.

          Ежелгі Хақас тілінде Адай – Қасқыр (Бөрі).

          Ежелгі Түрік тілінде Адай – а. Балапан, б. Бала.

          «Балапан, қазақтың ең сүйікті сөзі, бала (өз баласы) – балапан (құстың баласы). Еске сала кетейін: бен, пен, бан, пан ежелгі оғыз тілінде, есімдік мен дегенді білдіреді. Оғыз, Адай, Қыпшақ – бәрі бір адамның аты.

          ...Дахтар (Дайлар), массагеттер, каспилер, аландар мен адайлар бәрі Сақ конфедерациясына кіретін бір тайпаның әртүрлі атаулары» (Т.С.Досанов «Руника құпиясы». Алматы-2009).

          Жоғарыда көрсеткенімдей Ада-ға «й» жалғауын қоссаң да Атаның ұрпағы деп көпше мағына бергені сияқты «Ад»-қа «ай» жалғауын қоссаң да сол күйінде қалады. Біздің білетініміз, аталарымызды, яғни ежелгі қазақтарды Өгіз қағанның үлкен ұлы, әрі тақ мұрагері Күн ханның атымен Күндер (Ғұн, Хұн, Хунну т.б.) деп атаған. Сонда күніміз аспандағы нұр, сәуле шашып, жарық беріп тұрған күн де, күн мен түннің алмасқан кезіндегі жарық мезгіл күндіз, немесе бір күн. Сонда біз қолданып жүрген «ай» сөзі сол күндердің (жылда ауысып отыратын 28, 29 күннен басқа 30 немесе 31 күн) жиынтығы болып шығады. Осылайша «ай» сөзі де бұл жерде көпше мағына береді. Бұл атаулардың бәрі өз тегін Ай анамыздың атынан бастау алады.

          Адай дегеніміз жоғарыда айтқанымыздай Ад пен Ай деген, ата мен анамыздың және сонымен қатар аталы, әкелі және балалы ұрпақтың жиынтық атауы. Адайдың екінші буыны «Ай» дан төмендегідей адам аттары мен ұғымдар дүниеге келді: Айбек, Айсұлтан, Айболат, Айна, Айман, Найман, Айгүл, Айнұр, Айжан, Май, Майя, Тайпа, Сынай (Синай), Мұнай, Айт, Айту, Айтпау, Бай, Байғазы, Лай, Сай, Пай-Пай, Тай, Алтай т.т. Бұл ұғымдардың бәрінің авторы Адам атаның қарашаңырағы Адайлар, яғни бүгінгі Адайлардың ата-бабалары. Әйтпесе, Адайдың «бес жүйрігі» атанған жыр дүлділдерінің бірі Ақтан Керейұлы (1850-1912): «Сөйле» десең жыршыңыз

 Алдарыңда жортақтар.

 Туған айға ат берген,

 Ақ қағаз бен хат берген

 Екі ерін мен тіл-таңдай

 Сөйлесін деп жақ берген.

 Айтқан сөзге түсінбес

 Адамның мыйсыз ақымағы», - деп жырламаған болар еді (Жыр-дария «Маңғыстаудың

ақын жыраулары» Ақтау-1995. 159 бет);

            Әйтпесе, Адайлардың атамекені Маңғыстау «360 әулиелі киелі Маңғ

Қатысты Мақалалар