Президенттікке үміткер Уәлихан Қайсаров шетел азаматы ма?

/uploads/thumbnail/20170708171351316_small.jpg

ҚР Президенттігіне үміткер ретінде Орталық сайлау комиссиясына өтініш берген Уәлихан Қайсаровты сайлау комиссиясы үміткер ретінде тіркеуден бас тартты. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен бүгін Астанада өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Үміткерлердің өз қолдарымен толтырған мәліметтерін Орталық сайлау комиссиясы мұқият тексеруде. Мысалы, өз кандидатурасын ұсынған Уәлихан Қайсаров Президенттікке кандидат болып дауысқа түсуге ниет білдіру туралы өтінішінде басқа мемлекеттің азаматтығында тұрғанын өз қолымен көрсеткен. Осы мәселе бойынша біз ҚР ІІМ-ге аталған деректерді тескеру үшін сұрау жібердік. Сондай-ақ, осы үміткердің мемлекеттік тілде толтырған өмірбаяндық деректерінде бірнеше қателер бар екені анықталды», - деді Л.Сүлеймен. Айта өтейік, Уәлихан Әбішұлы ҚР Президентін сайлау науқанында осымен үшінші рет қатарынан өзін өзі үміткер ретінде ұсынды. Дегенмен, үшеуінде де оның өтінімі қабылданған жоқ.

Қатысты Мақалалар