Қабанбай туралы деректерді Қытайда жинақтаған жазушының еңбегі жарық көрді

/uploads/thumbnail/20180606121610603_small.png

«Зейнолла Сәнік және ұлттық рух». Дәл осындай атаумен Семейдегі облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында белгілі жазушы, этнограф, публицист, Қазақстан жазушылар Одағының, сондай-ақ, Қытай мемлекеттік жазушылар қоғамының мүшесі Зейнолла Сәнік пен оның жары Шәмшабану Хамзақызының көп томдық шығармалар жинағының таныстырылымы өтті.

Қазақта ұлт руханиятына қызмет еткен жандар жетерлік. Әсіресе бұған арғы беттен келген ағайындар орасан үлес қосты. Осы ретте Зейнолла Сәніктің өресі биік. Ол құндақталған құндылықтарды тірнектеп жинақтап, ұлттық мәдениеттің жаңғыруына септескен нартұлға. Жазушының «Қаракерей Қабанбай», «Хас батыр Қабанбай», «Тұғырыл хан», «Демежан батыр», «Халық күйшісі Қайрақбай» және «Баспай» сынды іргелі еңбектері талғампаз оқырманның жоғары бағасын алды.

-Біріншіден Зейнолла Сәнік жазушы дейтін болсақ, ол кісі 20-дан аса әңгіме, 4 хикаят және 2 роман жазған. Ал фольклор танушы ретінде Қазақстанда жоқ материалдарды Қытайда жинап, зерттеп елге әкеп, жарыққа шығарды. Мысалы мынандай жағдай болды. Алматыда Мақсұт Шафиғи деген ғалыммен әңгімелесіп отырып, Қабанбай батырдың 300 жылдық мерейтойына осы Зейнолла ағада атсалысқанын білдім. Мәселен қазақтың бас батырына арналған аңыз-жырдың барлығы Қытайда сақталған екен. Оны елге әкеліп, насихаттаған бірден-бір тұлға осы Зейнолла Сәнік. Бұдан бөлек, ол кісі этнография саласына айтарлықтай үлес қосты. Ұмыт болған салт-дәстүрлерді жаңғыртты десем қателеспеймін. Сол секілді қазақтың дәстүрлі емшілік өнері жайлы да толымды еңбектер қалдырды, — дейді Сүлеймен Демирел атындағы университеттің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Жолдасбек Мәмбетов.

Қатысты Мақалалар