Елбасы кімге сенеді?

/uploads/thumbnail/20180827161202892_small.jpg

Елбасы кімге сенеді? Елбасының жанында кей шенеуніктер бірнеше жылдан бері жылы орындарын ғана ауыстырып қызмет атқарып жүр. Шенділердің бірін халық аспанға көтеріп мақтаса, енді бірін даттап, тіпті ащы тілдерімен таптап тастайды. Қайсысын мақтап, қайсысын даттайтынын ішіңіз білер, ол жағын өзіңізге қалдырдым, құрметті оқырман!  Qamshy.kz ақпарат агенттігі Елбасының сенімді серіктеріне айналған шенділердің тізімін оқырман назарына ұсынуды жөн көрді.

Иманғали Тасмағамбетов

1956 жылы желтоқсанның 9 Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Орал қаласының А. С. Пушкин атындағы педагогикалық институтының география мен биология пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша дипломын алды. Халықтың қошеметіне бөленген Иманғали Тасмағамбетов өзінің еңбек жолын қазіргі Атырау қаласы Махамбет ауданындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде бапкерліктен бастағанын біреу білсе, біреу білмес.

Кейін 1981 жылдан 1991 жылға дейін КОКП ОК-тың мүшесі, 1990-1991 жылдарда Қазақстан компартиясының ОК Политбюро мүшесі болды. Қазақстан Реcпубликасының 12- шақырылған Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.

Ал саяси өмірбаяны сол кездегі жалғыз жастар саяси ұйымы — Қазақстанның ЛКЖО-да басшылық қызметімен байланысты.  1979 жылдан Махамбет ауданындағы ЛКЖО ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Гурьев ЛКЖО қалалық комитетінің және облыстық комитетінің бірінші хатшысы болды. 1989 жылы ЛКЖО ОК, 1991 жылы Қазақстан Республикасының жастар ісі жөніндегі Мемлекеттік комитетін басқарды.

Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін араға 2 жыл салып Иманғали Тасмағамбетов ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

1995 жылдан бастап ел басқарушы қызметінде жоғарғы орындарды атқарып, Қазақстанның вице-премьері, білім және мәдениет вице-премьер-министрі, Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінің жетекшісінің орынбасары, Қазақстан Президентінің бірінші көмекшісі, Атырау облысының әкімі, Қазақстан премьер-министрі, Мемлекеттік хатшы, Қазақстан Президенті әкімшілігінің жетекшісі болады.

2004—2008 жылдары 1,5 млн тұрғыны бар Қазақстанның ең ірі қаласы Алматының , 2008 ж. сәуірдің 4 Қазақстанның елордасы — Астана қала әкімі боп тағайындалды. Қазіргі уақытта Иманғали Тасмағамбетов ҚР-ның РФ-дағы Төтенше және өкілетті елшісі ретінде қызмет атқарып жүр. Биылғы жылдың мамырында Ресей елінің Ржев қаласында қазақша сөйлеп елдің сүйіспеншілігіне бөленген еді. Әрине өз елімізде жүріп қазақ тілін менсінбейтін шенділердің қасында Иманғали Тасмағамбетовтың орны бөлек, беделі асқақ.

Кәрім Мәсімов

1965 жылы қазіргі Астана қаласында дүниеге келген. Ұлты ұйғыр болуы бек мүмкін, алайда нақты белгісіз дүние. Әкесі Қажмұқан Қасымұлы Мәсімов кезінде кірпіш зауытының директоры болған. Ал Қажмұқанның ұлы Кәрім еңбек жолын 1991 жылы - Қытай Халық Республикасындағы КСРО Сауда өкілдігінің құқықтық мәселелер бойынша кеңесшісі болып бастаған. Халықтың есінде жылы орнын ұзақ уақыт сақтап қала алған Үкімет басшысы ретінде есте қалған. 2007 жылы премьер-министрлікке Мәсімов тағайындалды.

2012-2014 жылдары премьер-министр қызметін Серік Ахметов атқарса, 2014-2016 жылдары Үкімет басына Кәрім Мәсімов оралды. Үкімет басшысы болған кездегі бір жылда бір-ақ рет Атырау облысының жаңа әкімін зиялы қауымға таныстыру үшін іс сапарға шыққан. Ең алғаш рет Үкімет отырысын бастан-аяқ қазақша жүргізген Үкімет басшысы болып тарихта қалды. Себебі Қазақстан үшін бұл мақтанарлық жайт.

Кәрім Мәсімов қазір 2016 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Әзірге Мәсімовтің қызметтен кететін түрі жоқ. Еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп үміттенуден басқа амал да жоқ сықылды.

Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков

1954 жылы Қостанай облысы Қарабалық ауданыны Бөрілі ауылында дүниеге келген. 1988—95 жж. көпсалалы «Цесна» корпорациясының басшысы ретінде қызмет атқарады.

1995 ж. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайланып, 1996 ж. Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалады.

Саяси қайраткер ретінде Нұрсұлтан Назарбаевты идеал санайтын Әділбек Жақсыбеков 1997 ж. желтоқсанынан 2003 ж. маусымына дейін Астана қаласының әкімі атанады. Әділбек Жақсыбековты «Елбасының көлеңкесі», «Елбасының оң қолы», - деп те атайтындар бар.  

2003 ж. шілдесінен 2004 ж. желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі атанды.

2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2009-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып қызмет атқарды.

2014 жылғы сәуір мен қазан аралығында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болды. Кейін қайтадан 2014-2016 жылдары – Астана қаласының әкімі болып тағайындалды.

2016 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалған Әділбек Жақсыбековты сынаушылар қатары аз.

Марат Тәжин Мұханбетқазыұлы

Социология ғылымдарының докторы Марат Тәжин 1960 жылы Ақтөбе қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын және С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген соң 1992 жылға дейін ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысады. 1992 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинетінің Аппаратында: Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары, осы бөлімнің меңгерушісі, ҚР Президенті Аппараты Басшысының орынбасары және Ақпараттық-талдау орталығының басшысы ретінде жұмыс істейді.

1994—1995 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі, 1995—1999 жж. — Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары және Президент Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеу орталығының басшысы болып тағайындалады.

1999—2001 жж. — Президенттің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып қызмет атқарады.

Ал 2017 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар