Қазақстандағы демографиялық ахуал қуантып отыр

/uploads/thumbnail/20181023185805126_small.jpg

Қазақстандағы демографиялық ахуалға шолып, тіуелсіз алған жылдан бері Қазақстанның демографиялық жағдайы қалай өзгерді, халық өсіміне қандай жағдайлар әсер етті, еліміздегі демографиялық жағдайды жақсарту үшін қандай қадамдар жасалып жатқанын саралап көрелік.

Қазақстан халқын саралау – эқономикалық, географиялық, әлеуметтік зерттеуді қажет етеді. Әлем ғылымдары ең бірінші – жергілікті халықтың тұрғылықты жерін,  этнография сын қарайды.

Қазақстан халқы он сегіз миллионға жетті. Осыдан бірнеше жылбұрын, яғни 2009 жылы Қазақстандағы халық саны 16 миллион еді. Содан бері халық саны екі миллионға өсті. Халық санының өсуі көптеген ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Мәселен, халықтың әлеуметтік, экономикалық тұрмыс-тіршілігі, жағдайы,тіпті экологиясына, географиясына әсер етеді. Оған ішкі нарық пен сыртқы нарықты да қосыңыз. Егер ішкі нарық сыртқы нарықтан тәуелсіз болса жағдайдың жақсаруын күтіңіз. Қазақстанда да дәл осындай жағдай.

Қазақстан халқының санын екі жылдан кейін жиырма миллионға жеткізу мақсаты тұр. Қазақстандағы демографиялық ахуалды тексеріп, халықтың өсімін бақылап соған байланысты қажетті шаралар қолданылады. Халықтың санын біліп, былтырмен салыстырғанда алға ілгерілеу ьар ма әлде жоқ па соны білу үшін ұлттық халық санағы жүргізіледі. Енді болатын халық санағы 2019 жылы жүргізіледі. Мамандардың айтуынша, ең алдымен халық санағы шалғай аудандарда жүргізіледі. Халық санағы онлай және офлайн режімде жүргізбек және бір отбасы мүшесі барлық отбасы үшін сауалнама сұрақтарына жауап бере алады. Қазақстанда халық санағы әр 10 жыл сайын жүргізіледі.

Қазақстандағы халық санын өсіру мақсаты қазақ халқының санын көбейту мен қатар, кең байтақ жерді игеру. Айта кету керек, Қазақстанда алғашқы санақ 1897 жылы жүргізілген. Содан бері Қазақстанның халық саны бірнеше есеге өсті.

Қазақстанда, жалпы дүниежүзіндегі халық санының өсуі екі факторға байланысты болады. Олардың әр қайсысына жеке-жеке тоқталып өтелік.

Бірінші, жергілікті халықтың туу мен өлім көрсеткіші. Яғни, табиғи өсім болса, туу көрсеткіші жоғары болса, халықтың өмір сүру ұзақтығына байланысты болады екен.

Екінші фактор, ол көші-қон саясаты, яғни халық шетелде, дүниежүзі бойынша тарыдай шалылып жатқан этникалық қазақтарды елге әкелу арқылы демографиялық жағдайды жақсарту.

Жалпы демографиялық ахуал неліктен нашарлайтынына да бір сәт көз жүгіртіп өтейік. Егер өлім көрсеткіші туу көрсеткішінен аз болса демографиялық ахуал құлдырайды. Табиғи өсім болмаса да демографиялық жағдай құлдырайды.

Қазақстанда демографиялық ахуалымыз құлдырамауы үшін көптеген нәтижелі, жемісті жұмыстар атқарылуда. Көші-қон, «Серпін» бағдарламасы, «Ұлы көш» сынды бағдарламалар көп жылдан бері өз нәтижесін көрсетіп келеді. Атамекеніне оралған этникалық қазақтардың санында есеп жоқ. Осыдан он жыл бұрын тарихи отанына көшіп келген қазақтар елдегі ұтқыр саясаттық арқасында сіңісіп, үй алып, балаларын еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында оқытып, өз шаруашылықтарын жүргізіп үлгеріп жатыр. Талай қандасымыз Қазақстанның азаматтығын алып, көзайым болып жатыр.

Өздеріңізге белгісі, жаңа елге қоныс аудару түрлі әлуеметтік сатыдан өтеді. Көшіп келдуне бөлек қоғамға сіңісу, орнығу, жұмыс табу, жаңа достар табу, халықпен етене араласу секілді міндеттер бар.

Осы міндеттерден сүрінбей және барынша оңай өту үшін елімізде қандастарымызға жағдай жасалып жатыр. Түрлі тарихи себептерге байланысты әлемнің түкпір-түкпірінде жүрген қазақтардың басын бір жерге біріктіру өте маңызды. Себебі ол ұлттың ұлттық мәдениетін, өнерін қалыптастыру, салт-дәстүрін сақтау секілді жайттарда өте маңызды роль ойнайды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар