Қазақстан Республикасының премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Алматы облысына жұмыс сапары кезінде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барды. Аталмыш кездесуде облысты әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытудың, өңірдегі Елбасының бес әлеуметтік бастамасы мен мелекеттік әрі салалық бағдарламалардың іске асырылу қорытындысы қаралды.
Орталықты аралап жүрген премьер-министрге соңғы төрт жылдағы өңір экономикасының өсімі 4,2 пайызды құрағаны айтылған болатын. Статистикаға сүйенсек, Алматы облысының жалпы өңірлік өнімі алғашқы жартыжылдықта 1,09 трлн теңгені құраған. Қазіргі уақытта облыстағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімнің жалпы республикалық көлемі 17 пайызды құрап отыр.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Тұрлашовтың айтуы бойынша, өңірдегі мал шаруашылығының өндірісі жыл сайын артып келеді екен.
«Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айында 488 млрд теңгені құрайды. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда өсім 3,5 пайызды құрап отыр. 2022 жылға қарай өсім 5 пайызды құрайды. Өңірдегі жоғары сұраныстағы дақылдардың яғни қант қызылшасы, жүгері алқаптарын ұлғайту жұмыстары жүргізіліп, қант өндіру мен жүгеріні терең өңдеу жұмыстары ретке келтірілген», дейді Тұрлашов.
Бұл салының дамуына әсер ететін аса маңызды фактор ауыл шаруашылығына салынатын инвестициялардың өсімі. 2017 жылы АӨК-ке 42,7 млрд теңгені құраса, 2018 жылы 53,8 млрд теңге тартылды. Ал 4 жылдан кейін, яғни 2022 жылға қарай облыс әкімдігі 99 млрд теңгеге дейін қаражат бөлуді жоспарлап отыр.
Облыста экономика секторлары тұрғысынан өңдеу өнеркәсібінің экспорты басым (өңірдің жалпы экспортының 90%). Бұл негізінен — азық-түлік, жеңіл, химия және фармацевтика, құрылыс және машина жасау салалары.
Тұрлашовтың сөзіне сүйенсек, мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру барысында әкімдік экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға кешенді қаржылық және қаржылай емес қолдау көрсету құралдарын кеңейтетін болады. Осы бағыт бойынша алдағы үш жылда 500 млрд теңге бөлінеді. Бұл қарадат жеңілдікті несие беруге және экспорталды қаржыландыруға, мемлекеттік кепілдік беруге, экспортшылардың көлік шығындарын өтеуге бағытталады.
Облыс әкімінің орынбасары Тұяқов өңірдегі кәсіпкерлерді дамытуды баяндау барысында, Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту, «Бизнестің жол картасы – 2020» және «Даму» мемлекеттік бағдарламалары бойынша бизнесті қолдауға 11,1 млрд теңге бөлінгенін мәлімдеді.
Тұяқовтың сөзіне сүйенсек, биылғы жылдың 9 айында 1,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, 14 млрд теңге инвестициялар тартылған.
«Жалпы, осы жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес саласындағы белсенді субъектілерінің саны 113,7 мың бірлікті немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,5%-ды құрады. Қазіргі уақытта өңірдің ЖӨӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерлік үлесі 28%-ды құрайды, 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 40%-ға дейін арттыру жоспарланған», — деді Ж. Тұяқов
Сонымен қатар, өңірде өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 640,3 млрд теңгені құрады. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде көмір мен лигнит көлемі 1,6 есе, металл кендерін өндіру 2,7 есе өсті. Өңдеу өнеркәсібінде азық-түлік өнімі өндірісі 6,8%-ға, машина жасау — 25,2% -ға, темекі өнімдерін шығару — 4,8%-ға, дайын металл бұйымдары — 18,8%-ға өсті.
Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өӊір әкімі А. Баталовтыӊ Қарасай ауданыныӊ Қырғауылды ауылындағы су тасқыны жағдайы туралы ақпаратын тыӊдады.
Премьер-Министр Б. Сағынтаев облыс әкімі А. Баталовқа ҚР ІІМ-мен бірлесіп, оқиға салдарын жоюдыӊ қажетті шараларын қабылдап, аталған мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Еске сала кетейік, 27 сәуірде Алматы облысыныӊ Қарасай ауданыныӊ Қырғауылды ауылында орналасқан, осы аттас өзені жауын-шашынныӊ мол жаууыныӊ салдарынан арнасынан тасып, су деӊгейініӊ көтерілу мәселесі орын алған болатын. Соныӊ нәтижесінде Қырғауылды ауылыныӊ бірқатар учаскесінде, сондай-ақ облыстық маӊызға ие "Алматы - Жандосова" трассасында су тасқыны орын алды.
Бақытжан Сағынтаев Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруын бірлесіп жүзеге асыру мәселелері бойынша Алматы облысыныӊ кәсіпкерлерімен кездесті
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында Аймақтық кәсіпкерлер кеӊесініӊ мүшелерімен кездесіп, олармен жаппай кәсіпкерлікті дамыту, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту, экономиканы қайта реттеу және ырықтандыру, экономиканыӊ жаӊа салаларын, жаӊа индустрияларды, сервистік экономика мен "қарапайым заттар" экономикасын ендіру мәселелерін талқылады.
ҚР Президенті Н. Назарбаевтыӊ Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруын жариялап, үш маӊызды жаӊарту процесіне - саяси реформаға, экономиканы жаӊғыртуға және сананы жаӊғыртуға бастамашы болғанын атап өтті, мұныӊ бәрі еліміздіӊ алдыӊғы қатарлы 30 елдіӊ қатарына енуі жолында сапалы дамуын қамтамасыз етеді, деп атап өтті Премьер-Министр Б. Сағынтаев.
Ел Үкіметі "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардағы сатып алуларда жергілікті мазмұнныӊ үлесін арттыру үшін одан әрі жұмыс істей береді. Атап айтқанда, отандық тауар өндірушілер үшін индустриялық сертификат енгізіледі, оны иеленгендер "Самұрық-Қазына" АҚ ҰК компаниялары үшін өнімдерді жеткізуге қатыса алады.
ИИДМБ мен Индустрияландыру картасы бойынша биылғы жылы 650-ден астам жұмыс орны құрылған. Сонымен бірге 19,3 млрд теңгеге 5 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Аталмыш жобалардың қатарына «Империя Фуд» ЖШС ет комбинатының құрылысы, «Марафен Фуд Тян-Шань» ЖШС азық-түлік өнімдерін шығару зауыты және тағы басқа ірі жобалап бар. Бұл жобаларды іске асыру барысында негізгі капиталға салынға инвестициялар көлемі өскен болатын. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының көлемі артып, 181 млрд теңгені немесе 2017 жылдың нәтижесімен салыстырғанда 102,8 пайызды құрады.
Кейін Премьер-Министр Талдықорған қаласының жаңа әлеуметтік-мәдени нысандарын аралады. Атап айтқанда, биыл қараша айында пайдалануға берілетін Драма театрының құрылысы барысымен танысып, «Салтанат сарайы» неке сарайына барды.
Өңірге келген бойда Б. Сағынтаев биыл көктемде пайдалануға берілген Талдықорған әуежайының жаңа терминалын көрді. Бұл нысан ішкі және халықаралық әуе қатынастарына ұшатын жолаушыларға, сондай-ақ, шығарып салушылар мен күтіп алушыларға жыл бойы ұшар алдындағы және қонғаннан кейін кешенді қызметті көрсетуге арналған.
Бұдан өзге, Алматы облысының әкімі А. Баталов Үшарал қаласының әуежайын дамыту және Алакөл көлінің жағалауын бекіту жобаларымен таныстырды.
Өткен жылы Алматы облысының әкімдігі Үшарал қаласы әуежайының аэровокзал ғимаратын салуды аяқтады. Осы жылдың маусым айынан бастап Үшарал әуежайынан аптасына үш рет «Астана — Үшарал» және «Талдықорған — Үшарал», аптасына бес рет «Алматы — Үшарал» бағытында әуе рейстері орындалуда. Сонымен қатар, қазіргі таңда ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр, бұл әуежайдың Boeing санатының әуе кемелеріне қызмет көрсетуіне жол ашады.
Биыл бір миллионнан астам турист келген Алакөл көлінің жағалауын дамыту мақсатында кешенді инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. 2019 жылы Алакөл көлінің жағалауында сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін – ұзындығы 72,9 шақырым болатын тазарту нысандары, сондай-ақ, 50 шақырымға арналған сумен жабдықтау жүйесін салу көзделген. Бұдан өзге, жағалауды бекіту мен кеме аялдайтын айлақтарды салудың жаңа технологияларын енгізу жоспарда бар. Облыс әкімінің айтуынша, қоршалған бөгет Көктұма мен Ақши ауылдарының тұрғындарын — 2,5 мыңнан астам адамды Алакөл көлінің қатты толқындарының залал келтіруінен қорғауға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, облыс әкімдігінің деректеріне сәйкес, туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар 2016 жылдан бастап (452 мың адам) Алакөл ауданында қызмет көрсетілген туристер санын екі еседен астам ұлғайтуға мүмкіндік берді. Жалпы, облыс бойынша бір жылда келетін туристер саны 1,96 млн құрайды.
Хадиша Ханқызы